«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Сәуір, 2023


☘️ 13 сәуір – Халықаралық өсімдіктерге алғыс айту күні. Олар әлемде әртүрлі әрі сұлу болуымен адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды. Өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Яғни, жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен – эгергияны, ал топырақтан – су мен минералды тұздарды алады.  Ғалымдар өсімдіктердің адам психикасына жақсы әсер ететінін де алға тартады.

 

Ал сіз үй жағдайында қандай өсімдік түрін өсіресіз?

🎼 Бүгін музыка әуесқойлары – Дүниежүзілік рок-н-ролл күнін атап өтеді. 1954 жылы 13 сәуірде американдық музыкант Билл Хейли осы стильде дүниежүзілік хитке айналған «Clock Around the Clock» әнін жазды. Музыканың жаңа түрі адам өміріндегі барлық шекаралар мен кедергілерді жойып, барлық нәсілдік наным-сенімдерді оңай жеңді. Қазіргі таңда рок-н-ролл бір толқындағы жандарды жинау үрдісін әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар бүкіл әлемдегі ойын-сауық орындары рок-н-ролл стилінде қызықты кештер өткізіп тұрады. 

 

Сізге қазақтың қандай рок топтары ұнайды? 🎤

👩‍⚕️ Сонымен бірге бүгін – функционалдық неврологиялық бұзылулардың халықаралық күні. Бұл күннің мақсаты – зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, осы аурудың алдын алуға шақырып, емдеу бойынша зерттеулерді жетілдіру. Аталмыш ауруға шалдыққан науқаста әлсіздік, қозғалыстың бұзылуы, естен тану сияқты неврологиялық белгілер пайда болады. Дәрігерлер бұл аурудың шешімін әлі таппады. Сондықтан әзірге емдік жолдары қарастырылмаған. Себебі мұндай жағдайда науқастың миы қалыпты, алайда дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартады. 

👥 13 сәуір өмірге келген танымал адамдар. 215 жыл бұрын итальяндық ғалым, телефонды ойлап тапқан – Антонио Меуччи (1808-1889) дүниеге келді. Көзі тірісінде ол телефонды ойлап табу құқығы бойынша патентті ұзартпау себебінен, Александр Беллмен болған сотта жеңіліске ұшырады. Қуанышқа орай, 2002 жылы АҚШ Конгресі Антонионы нағыз телефон өнертапқышы ретінде ресми түрде мойындады. 

Бүгін тарихтағы ұлы шахматшылардың бірі – Гарри Каспаров 60 жасқа толды. Ол мансап жолында 13-ші әлем чемпионы әрі 11 мәрте әлемнің ең үздік шахматшысы атанды. Сондай-ақ 1985-2006 жылдар аралығында екі қысқа үзіліспен ФИДЕ рейтингінде көш бастады. Қазір ол саяси қызметке белсене араласады.

 

Сізге қазақ шахматшыларының арасында кімнің жанкүйерісіз?