🏠Тамыздың әр екінші жексенбісі құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұл жұмыс ерте заманнан бері үлкен маңыздылыққа ие. Себебі кез келген елді мекеннің дамуы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың құрылысына байланысты болды. Қалалар мен ауылдардың, мектептер мен балабақшалардың, театрлар мен мұражайлардың, өнеркәсіптік және көліктік инфрақұрылым нысандарының пайда болуы құрылыс саласы қызметкерлерінің еңбегінің арқасында салынып келеді.
Егер таныс құрылысшыларды білсеңіз, міндетті түрде мерекесімен құттықтап қойыңыз!
✍️13 тамыз — Халықаралық солақайлар күні. Статистикаға сүйенсек, әлем халқының 3-10% — ы солақай. Психологтар солақай адамдардың мінезі мықты болатынын және жоғары шығармашылық қабілетке ие болатынын айтады. Олардың қатарында танымал адамдар да бар. Атап айтатын болсақ, Александр Македонский, Юлий Цезарь, Наполеон Бонапарт, Леонардо да Винчи.
Сіз тағы қандай танымал солақай адамдарды білесіз?
🦾2003 жылы 13 тамызда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмында Исатай-Махамбет көтерілісшілері мен патша әскерлері арасындағы шайқасқа орай ескерткіш орнатылды. Дәл осы жерде 1837 жылы Тастөбедегі тарихи шайқас орын алып, азаттық үшін күрескерлер орыс әскерлеріне қарсылық көрсетті. Көтерілісшілерді Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.
👥13 тамыз өмірге келген танымал қазақстандықтар. Бүгін қазақ тілінің өркендеуіне белсене араласып жүрген қоғам қайраткері Асылы Осман 82 жасқа толды. “Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің жетекшісі қазақ тіліндегі көптеген ғылыми кітаптар мен сөздіктердің авторы. “Қазақша-түрікше-орысша тілашардың” авторы, Сонымен қатар “Қазақ тілі”, “Қазақстан Мұсылман әйелдері”, “Адам құқығын қорғау” қоғамдарының жұмысына қатысады. Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нижат Рахимов 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Әзірбайжанның тумасы 2014 жылы Қазақстан сапында ойнауға бел буып, әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ал 2016 жылы әлемдік рекорд орнатып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жетті. Алайда өткен жылы допинг жанжалына байланысты медальынан айырылды.