«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 августа, 2024


✍️13 тамыз — Халықаралық солақайлар күні. Статистикаға сүйенсек, әлем халқының 3-10% — ы солақай. Психологтар солақай адамдардың мінезі мықты болатынын және жоғары шығармашылық қабілетке ие болатынын айтады. Олардың қатарында танымал адамдар да бар. Атап айтатын болсақ, Александр Македонский, Юлий Цезарь, Наполеон Бонапарт, Леонардо да Винчи.

Сіз тағы қандай танымал солақай адамдарды білесіз?

🫂13 тамыз — Кездесу күні. Көптеген адамның өмірінің басым бөлігі әлеуметтік желілерде, арнайы чаттарда және ұялы телефон арқылы өтетін жұмыс пен оқу арасында өтеді. Осының нәтижесінде ескі достар, сыныптастар, курстастар, бұрынғы көрші, бала кездегі достар ұмытылып жатады. Бұл мереке өткен күндерді еске түсіру үшін аталып өтеді. Ал адамдармен шынай қарым-қатынас онлайн байланысқа қарағанда көбірек эмоция мен сезімдер сыйлайды.


✍️2003 жылы 13 тамызда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмында Исатай-Махамбет көтерілісшілері мен патша әскерлері арасындағы шайқасқа орай ескерткіш орнатылды. Дәл осы жерде 1837 жылы Тастөбедегі тарихи шайқас орын алып, азаттық үшін күрескерлер орыс әскерлеріне қарсылық көрсетті. Көтерілісшілерді Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.

👥13 тамызда өмірге келген танымал қазақстандықтар. Бүгін қазақ тілінің өркендеуіне белсене араласып жүрген қоғам қайраткері Асылы Осман 83 жасқа толды. “Мемлекеттік тілге – құрмет” бірлестігінің жетекшісі қазақ тіліндегі көптеген ғылыми кітаптар мен сөздіктердің авторы. “Қазақша-түрікше-орысша тілашардың” авторы, Сонымен қатар “Қазақ тілі”, “Қазақстан Мұсылман әйелдері”, “Адам құқығын қорғау” қоғамдарының жұмысына қатысады. Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нижат Рахимов 31 жасын атап өтеді. Әзірбайжанның тумасы 2014 жылы Қазақстан сапында ойнауға бел буып, әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ал 2016 жылы әлемдік рекорд орнатып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жетті. Алайда өткен жылы допинг жанжалына байланысты медальынан айырылды.