«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 сентября, 2023


🍫Бүгін — Халықаралық шоколад күні. Мереке кездейсоқ таңдалған жоқ. 13 қыркүйек әлемдегі ең ірі шоколад өндіруші Hershey’s компаниясының негізін қалаушы Милтон Херши (1857-1945) және әйгілі “Чарли мен шоколад фабрикасы” ертегісінің авторы Роальд Дал (1916-1990) болды. Шоколад адамзатқа 4000 жылдан бері белгілі. Ол майя және ацтек мәдениетінің ажырамас бөлігі болды. XVI ғасырда испандық конкистадорлар Еуропаға какао әкелді. Бірақ өнеркәсіптік революцияға дейін, яғни төрт ғасырға жуық шоколад тек бай адамдарға қолжетімді болды.

Шоколадтың қай түрі сізге ұнайды?

🫳Бүгін шаштараз күні де атап өтіледі. Тарихи деректерге сүйенсек, шаштараз кәсібі Ежелгі Египет дәуірінде пайда болған. Олар перғауындардың шашын қырқып, сақал-мұртын күтіп, жасанды шаш жасаған. Бұл күні шаштараздар мен стилисттер арасында дәстүрлі түрде байқаулар өткізіледі. Айта кетейік, 2016 жылдың 13 қыркүйегінде қазақстандық визажистер командасы Еуропаның визаж бойынша чемпионатының алтын кубогын жеңіп алған болатын. Әлемнің абсолютті чемпионы Виктория Станевич бастаған команда бес жүлдені жеңіп алып, сол жылы Еуропаның үздігі атанды.

Егер бүгін сұлулық салонына баратын болсаңыз, өз шеберіңізді құттықтауды ұмытпаңыз.

👏2018 жылы 13 қыркүйекте Мемлекеттік Елтаңбадағы “ҚАЗАҚСТАН” сөзі “QAZAQSTAN” латын әліпбиіне өзгертілді. Бұл өзгерісті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жұмыс тобы әзірлеген. Егемен Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы 4 шілдеде бекітілді. Бұл Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов есімді екі атақты сәулетшінің шығармашылық еңбегінің жемісі.

Ал сіз қазақ тілінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуін қолдайсыз ба?

👥13 қыркүйек өмірге келген танымал қазақтар. 85 жыл бұрын балетмейстер, актер, Қазақстан би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі болып қызмет еткен Болат Аюханов (1938-2022) дүниеге келді. Қазақ балетінің аңызы — Ыстамбұл, Алматы, Семей және Екібастұздың құрметті азаматы. Өнертанушы Юри Рюнтюдің ХХ ғасырдағы Еуропа өнерінің 60-қа жуық жарық жұлдызы туралы 25 кітабының бірі Аюхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Сондай – ақ бүгін кәсіби боксшы Қанат Ислам 39 жасқа толды. Көптеген атақ пен марапатқа ие болған спортшы мансап жолында 29 жекпе-жек өткізді. Оның тек біреуінде жеңіліске ұшырады. Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданының тумасы Қытай құрамасында әуесқой ретінде ойнады. Ал 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алып, кәсіпқойлар қатарына ауысты.

Қанаттың келесі жекпе-жегін асыға күтеміз!