🤗13 желтоқсан — Дүниежүзілік скрипка күні. Әлемге танымал музыкалық аспапты кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Алайда қазіргі таңда скрипканың пайда болғанына шамамен 500 жыл болды. Бұл аспап қазақ қобызына, Араб ребабына, испан фиделіне және Британдық кроттаға ұқсас болып келеді. Бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне скрипка Голландия мұражайында сақталған. Әлемдегі ең қымбат скрипканы 1741 жылы Джузеппе Гуарнери жасаған. Оның құны — 18 миллион доллар.
Қазақтың скрипкашыларынан кімді білесіз?
🤗2004 жылы 13 желтоқсанда Астанада вокзал алаңында Қазақстандағы ең көне паровозға арналған постамент орнатылды. Бұл — Эш-4161101 сериялы паровоз. 1922 жылы Кеңес үкіметі Швецияда осындай 1000 машинаға тапсырыс беріп, оның құнын алтынмен төледі. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдалануда болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған. Ал Тараздан елордаға сирек кездесетін техника жеткізілді.
🔥2013 жылы 13 желтоқсанда Астанада тұңғыш “Жас тұлпар” сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл сыйлық халық бірлігін сақтауға және нығайтуға, демократиялық мәдениет пен дәстүрді дамытуға, жастарды құндылықтары мен рухын тәрбиелеуге үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. “Жас тұлпардың” алғашқы лауреаттары Данияр Елеусінов, Нұрлан Әлімжан, Жансая Әбдімәлік және басқа да танымал жастар болды.
Осы жылы сыйлықты кімнің иеленгенін қалайсыз?
👥13 желтоқсанда өмірге келген танымал ер адамдар. 55 жыл бұрын қазақстандық әнші әрі музыкант Мұрат Насыров (1969-2007) дүниеге келді. Өнер иесі көпшілікке “Мальчик хочет в Тамбов” және “Я — это ты, ты – это я” суперхиттерінің орындаушысы ретінде белгілі. «Ялта — 1991» байқауында жеңіске жеткеннен кейін Ресейде қалып, жұмыс істеді. Алайда 38 жасында ол Мәскеудегі пәтерінің балконынан құлап, сол жерде қайтыс болды. Әнші Алматыда әкесінің қасындағы зиратта жерленген. Сондай-ақ бүгін америкалық актер Джейме Фокс 57 жасқа толды. Өнер иесі “Законопослушный гражданин”, “Джанго освобождённый”, “Штурм Белого дома”, “Новый Человек-паук: Высокое напряжение” фильмдеріндегі рөлімен танымал болды. Актер «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарымен қатар басқа да беделді марапаттардың иегері атанды.
Мұрат Насыровтың қандай әндері ұнайды?