«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 декабря, 2023


🎼13 желтоқсан — Дүниежүзілік скрипка күні. Әлемге танымал музыкалық аспапты кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Алайда қазіргі таңда скрипканың пайда болғанына шамамен 500 жыл болды. Бұл аспап қазақ қобызына, Араб ребабына, испан фиделіне және Британдық кроттаға ұқсас болып келеді. Бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне скрипка Голландия мұражайында сақталған. Әлемдегі ең қымбат скрипканы 1741 жылы Джузеппе Гуарнери жасаған. Оның құны — 18 миллион доллар.

 

Қазақ скрипкашыларынан кімді білесіз?

🚂2004 жылы 13 желтоқсанда Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Бұл — Эш-4161101 сериялы паровоз. 1922 жылы Кеңес үкіметі Швецияда осындай 1000 машинаға тапсырыспаро беріп, оның құнын алтынмен төледі. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдалануда болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған. Ал Тараздан елордаға сирек кездесетін техника жеткізілді.

🏅2013 жылы 13 желтоқсанда Астанада тұңғыш “Жас тұлпар” сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл сыйлық халық бірлігін сақтауға және нығайтуға, демократиялық мәдениет пен дәстүрді дамытуға, жастарды құндылықтары мен рухын тәрбиелеуге үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. “Жас тұлпардың” алғашқы лауреаттары Данияр Елеусінов, Нұрлан Әлімжан, Жансая Әбдімәлік және басқа да танымал жастар болды.

Осы жылы сыйлықты кімнің иеленгенін қалайсыз?

👥13 желтоқсан өмірге келген танымал ер адамдар. 54 жыл бұрын қазақстандық әнші әрі музыкант Мұрат Насыров (1969-2007) дүниеге келді. Өнер иесі көпшілікке “Мальчик хочет в Тамбов” және “Я — это ты, ты – это я” суперхит орындаушысы ретінде белгілі. «Ялта — 1991» байқауында жеңіске жеткеннен кейін Ресейде қалып, жұмыс істеді. Алайда 38 жасында ол Мәскеудегі пәтерінің балконынан құлап, сол жерде қайтыс болды. Әнші Алматыда әкесінің қасындағы зиратта жерленген. Сондай-ақ бүгін американдық актер Джейме Фокс 56 жасқа толды. “Законопослушный гражданин”, “Джанго освобождённый”, “Штурм Белого дома”, “Новый Человек-паук: Высокое напряжение” фильмдеріндегі рөлі оған танымалдық әкелді. Актер «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарымен қатар басқа да беделді марапаттарға ие болды. 

 

Мұрат Насыровтың қандай әндері ұнайды?