«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 Ақпан, 2023


☑️ 14 ақпан әлемнің көптеген елі –  Валентин күнін тойлайды. Аңыз бойынша, 269 жылы император Клавдий II Римде сарбаздарға үйленуге тыйым салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптыларға мойынсұнбайтын діни қызметкер Валентинді өлім жазасына кесуді бұйырды. Осылайша аталмыш бүлікші барлық әуесқойдың қамқоршысы болды. Дәстүр бойынша бұл күні ғашықтар бір-бірін құттықтап, сыйлық беріп, ізгі тілектерін жазады.

Сізге қай мереке ұнайды: Валентин күні ме әлде Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні ме? 

 

☑️ Оқырмандар бүгін кітап сыйлау күнін атап өтеді. Мереке американдық балалар кітаптары веб-сайтының негізін қалаушы – Эмми Бродмурдың бастамасымен кең етек алды. Бір күні оның ұлы анасына: “неге адамдар арасында кітап сыйлау күні жоқ?” деп сұрайды. Осылайша ол баласының сұрағына жауап тауып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алады. Мұны Эмми әлеуметтік желідегі танымал блогерлердің көмегімен жасайды. 2012 жылдың 14 ақпанында алғаш рет кітап сыйлау акциясы өтті. 

Кітап сүйер қауымды осы мерекемен құттықтаймыз!

☑️ Бүгін – Халықаралық компьютер күні. Қазіргі таңда информатика мамандарының негізгі міндеттеріне компьютерлік желілерді, ақпараттық базаларды және серверлерді әзірлеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету мен қосымшаларды орнату кіреді. Аталмыш күннің таңдалу себебі болды. 1946 жылы 14 ақпанда ENIAC I бірінші нақты жұмыс істейтін электронды компьютері ғылыми әлемге көрсетілді. Оның жұмысына американдық армия демеушілік жасады.

Егер таныстарыңыздың арасында информатиктер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

☑️ 14 ақпан өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 80 жыл бұрын сәулетші, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Тимур Сүлейменов (1943-2018) дүниеге келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол бірінші шығарылған теңгенің дизайнын, мемлекеттік рәміздерді және әскери киім үлгісін әзірлеуге белсене ат салысты. Тимур Мәскеудегі Абай ескерткішінің және Алматыдағы Желтоқсан-Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Желтоқсан, 1986, Тәуелсіздік таңы» монументінің авторы. 

Сонымен қатар бүгін әнші, SuperStar KZ реалити-шоуының екінші маусымының жеңімпазы – Қайрат Түнтеков 37 жасқа толды. Юрмалада өткен «Жаңа толқын» халықаралық байқауында әнші “Идеал әртіс” жүлдесіне ие болды. 2018 жылы I am singer Kazakhstan байқауының гранд-финалында жеңіске жетті.

 

Қайрат Тунтековтың қай әнін ұнатасыз?)