«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 января, 2024


🙄14 қаңтарда UNESCO бастамасымен дүниежүзілік логика күні аталып өтеді. Бұл — дұрыс ойлау туралы ғылым. Логиканың дамуына сөзжұмбақ, жұмбақ, шахмат, дойбы сынды ойындар айтарлықтай пайдасын тигізеді. Логика болмаса — цифрлық орта мен компьютерлік технологияны елестету мүмкін емес. Ойлау, пайымдау және қорытынды жасау қабілеті адамға әртүрлі жұмыстың заңдылығын табуға және өмірлік мәселелерді шешуге көмектеседі. 


🧦Бүгін көпшілік Ескі Жаңа жыл мерекесін атап өтеді. Бұл күнді тойлау кеңес заманынан бастау алды. Ресейде Григориан және Юлиан күнтізбелерінің сәйкес келмеуіне байланысты аталмыш мерекені жылына екі рет қарсы алады. 

 

Ал сіздің таныстарыңыз Ескі Жаңа жылды тойлайды ма?

✍️1935 жылы 14 қаңтарда Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Мәдени ошаққа көптеген қазақ музыкасы мен поэзиясына дем беруші, ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі – көрнекті музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ тілі бойынша тамаша монографиялардың авторы Ахмет Жұбанов болды. Қазіргі уақытта филармония құрамында алты музыкалық топ бар. Қазақ филармониясында жыл сайын көктемгі “Жігер” музыка фестивалі, “Балалар музыка апталығы”, ұлттық және симфониялық музыка концерті, лекциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Қазақ филармониясында өткен концерттерге бардыңыз ба?

👥14 қаңтар қос тұлғагың туған күні. 141 жыл бұрын итальяндық француз сәнгері, жоғары талғамдағы Nina Ricci сән үйінің негізін қалаушы Нина Риччи (1883-1970) өмірге келді. Мария-Аделаида Нейи етікшінің отбасында дүние есігін ашты. Он үш жасынан бастап ол тігінші болып жұмыс істеді. Ал 20 жасында шәкірт тәрбилеп, арнайы тігіншілері болды. 1932 жылы ол жеке сән үйін ашты. Бүгінгі таңда Nina Ricci бренді әйелдерге арналған киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар, парфюмерия және сәндік косметика шығарумен айналысады. Сондай-ақ бүгін америкалық кинорежиссер, сценарист және продюсер Стивен Содерберг 61 жасқа толды. Ол Канн кинофестивалінің “Алтын пальма бұтағы» жүлдесін және “Оскар” сыйлығын иеленді. Мансап жолында 60-тан астам фильмде ойнады. Соның ішінде «11/12/13 друзей Оушена» туындысындағы ролімен көпшілікке танымал болды. 

Сізге қай парфюм бренді ұнайды?