«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 Қаңтар, 2023


☑️ 14 қаңтар – ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік логика күні. Бұл күн 2019 жылдан бастап логиканы дамытуға үлес қосқан 20 ғасырдың көрнекті қайраткері Курт Годель мен Альфред Тарскидің құрметіне орай тойланады. Күрделі мәселелерді шешу әрі ойлау қабілеті логикаға жатады. Нақтырақ айтсақ, бұл – дұрыс ойлау туралы ғылым. Сөзжұмбақ, жұмбақ, шахмат, дойбы осы қабілеттің дамуына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Логикасыз цифрлық орта мен компьютерлік технологияны елестету мүмкін емес. Ойлау, пайымдау және қорытынды жасау қабілеті адамға әртүрлі жұмыстың заңдылығын табуға және өмірлік мәселелерді шешуге көмектеседі.

Барша оқырманды аталмыш мерекемен құттықтаймыз!

☑️Бүгін – Ескі Жаңа жыл тойланады. Бұл күн бізге кеңес заманынан келді. Ресейде Григориан мен Джулиан күнтізбелерінің сәйкес келмеуіне байланысты мерекені ұнататындар Жаңа жылды екі рет қарсы алуға мүмкіндік алды.

Ал сіздің таныстарыңыз Ескі Жаңа жылды тойлайды ма?

☑️ Қазақ мемлекеттік филармониясы 88 жыл бұрын құрылды. 1938 жылы оған қазақ музыкасы мен поэзиясының көптеген туындысына дем беруші – ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі – көрнекті ғалым, композитор, қазақ музыкасының көптеген туындысының және қазақ халық музыкасы туралы қызықты кітаптардың авторы Ахмет Жұбанов болды. Қазіргі уақытта филармония құрамында алты музыкалық топ бар. Мұнда жыл сайын көктемгі «Жігер» музыка фестивалі, «Балалар музыкасының апталығы», ұлттық және симфониялық музыка концерттері, лекциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Ал сіз қазақ филармониясында ұйымдастырылатын концерттерге барып көрдіңіз бе?

☑️14 қаңтар дүниеге келген танымал адамдар. 140 жыл бұрын итальяндық Француз сәнгері, Nina Ricci жоғары сән үйінің негізін қалаушы – Нина Риччи (1883-1970) дүниеге келді. Мари-Аделаида Нойли етікшінің отбасында дүниеге келген. Он үш жасынан бастап тігінші болып жұмыс істеп, 20 жасында  шәкірт тәрбиелеп, қоластында тігіншілері болды. 1932 жылы ол өзінің сән үйін ашты. Бүгінде Nina Ricci бренді әйелдер киімін, аяқ киімін және аксессуарларын, парфюмерия мен сәндік косметика шығарумен бүкіл әлемге әйгілі.

Сонымен қатар бүгін американдық кинорежиссер, сценарист және продюсер – Стивен Содерберг 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» лауреатын және “Оскар” сыйлығын иеленді. Кинорежиссер мансаптық жолында 60-тан астам фильм түсірді. Оның ішінде «11/12/13 друзей Оушена» фильмін атап өтуге болады.

 

Сізге қай парфюмерия бренді ұнайды?