👀Бүгін — Дүниежүзілік қан доноры күні. 14 маусымда өмірге қауіп төндірмей, қан құюға мүмкіндік беретін қан топтарын ойлап тапқан австриялық дәрігер Карл Ландштайнер (1868–1943) дүниеге келді. Бұл күні ауқымды жиналыстар мен салтанатты концерттер болмайды. Өйткені бұл адам өмірін құтқауға арналған бастама болып келеді. Тек донорлардың арқасында қажетті қорлар жасалуда.
Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, сіздерге алғыс білдіреміз!
🗣Бүгін — Халықаралық блогерлер күні. 2004 жылдың 14 маусымында 40 елден 500 адам бірігіп, бүкіл әлемдегі блогерлер арасындағы достық қарым-қатынастың символы ретінде осы күнді “блогерлер күні” деп белгіледі. Бүгінде көпшілік жеке блог жүргізіп, қызықты ақпараттарды бөлісіп отыратын адамардың парақшасын оқуға әуес. Олар көп жағдайда жаңа әрі қызықты дүниелерді жариялап отырады. Сәйкесінше, бұл жеке дамуға және жаңалықтардан дер кезінде хабардар болуға көмектеседі.
Қазақстандық блогерлерден кімді оқисыз?
👍14 маусымда Халықаралық монша күні де аталып өтеді. Моншаға бару денеге жеңілдік, ал жанға тыныштық пен шабыт сыйлайды. Ата-бабаларымыз ыстық будың емдік күшін және температураның қарама-қарсы өзгерістерін білген. Оған тарихи ескерткіштер дәлел. Археологтар Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларда қоғамдық моншалар әрқашан көрнекті орындардың қатарында болғанын айтады.
Сіз моншаны ұнатасыз ба?
👥14 маусымда саясатқа қатысы бар танымал екі тұлға өмірге келді. 96 жыл бұрын Куба революциясының атақты коменданты Эрнесто Че Гевара (1928-1967) дүниеге келді. Қазір әлемде танымалдығы бойынша Чемен бәсекеге қабілетті тұлғалар аз. Ол еркіндік пен әділетсіздікке қарсы күрескер атанды. Революционер Латын Америкасының көптеген елінде әрекет етті. Сонымен қатар бүгін миллиардер, АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп 78 жасқа толды. Президент болмай тұрып Трамп жылжымайтын мүлік кәсібімен айналысып, шоумен әрі теледидардың белді тұлғасы болды. Өз жасына қарамастан ол Республикалық партияның атынан президенттік сайлауға қайта түсетінін мәлімдеді. Осы жылы «Forbes» оның байлығын 7,8 миллиард долларға бағалады.
Сізге қай саясаткер ұнайды: Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп?