🌝Бүгін — Дүниежүзілік қан доноры күні. 14 маусымда өмірге қауіп төндірмей, қан құюға мүмкіндік беретін қан топтарын ойлап тапқан австриялық дәрігер Карл Ландштайнер (1868–1943) дүниеге келді. Бұл күні ауқымды жиналыстар мен салтанатты концерттер өткізілмейді. Өйткені бұл адам өмірін құтқаруға арналған бастама болып келеді. Донорлар – өмір мен үміттің арасында көпір болып тұрған қарапайым батырлар. Қан қорлары – тек солардың арқасында толығып отырады.
Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, сіздерге алғыс білдіреміз!
🔥Бүгін — Халықаралық блогерлер күні. 2004 жылдың 14 маусымында 40 елден 500 адам бірігіп, блогерлердің өз күні болуы тиіс деген шешімге келді. Бүгінде әрбір адамның жеке блогы бар немесе өзіне қызық блогтарды оқып отырады. Олар көп жағдайда жаңа әрі ерекше дүниелерді жариялап отырады. Сәйкесінше, бұл жеке дамуға және жаңалықтардан дер кезінде хабардар болуға көмектеседі.
Қазақстандық блогерлерден кімді оқисыз?
👏14 маусымда Халықаралық монша күні де аталып өтеді. Моншаға бару денеге жеңілдік, ал жанға тыныштық пен шабыт сыйлайды. Ежелгі дәуірден бері халқымыз бу мен судың шипалы күшін білген. Оған тарихи ескерткіштер дәлел. Археологтар Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларда қоғамдық моншалар әрқашан көрнекті орындардың қатарында болғанын айтады.
Сіз моншаны ұнатасыз ба?
👥14 маусымда саясатқа қатысы бар екі танымал тұлға өмірге келді. 97 жыл бұрын Куба революциясының атақты коменданты Эрнесто Че Гевара (1928-1967) дүниеге келді. Әлемде оның беделіне тең келетін тұлға аз. Ол Латын Америкасының бірнеше елінде революциялық қозғалыстарға қатысып, халық үшін жанын аямаған. Сонымен қатар бүгін миллиардер, АҚШ президенті Дональд Трамп 79 жасқа толды. Президент болмай тұрып Трамп бизнесте үлкен жетістіктерге жетіп, тележүргізуші ретінде де танымал болды. Өткен жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер ретінде демократ Камала Харристі айқын басымдықпен жеңіп, Ақ үйге қайта оралды. Forbes басылымының биылғы дерегі бойынша, оның байлығы 5,1 миллиард долларды құрайды.
Сізге қай саясаткер ұнайды: Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп?