«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 июня, 2022


☑️Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Үлкен жиындар жиналмайды және салтанатты концерттер өтпейді. Донорлардың арқасында қан резервтері жасалуда. Ол 2005 жылдан бері тойланып келеді. 14 маусым — қан тобын ашқан дәрігер Карл Ландштайнердің (1868–1943) туған күнінің құрметіне таңдалды. Қан тобы медицина саласына серпіліс әкелген еді. Бұл жаңалығы үшін австриялық иммунолог Нобель сыйлығын алған болатын. Биылғы жылы Донор күні «Қан донорлығы – ынтымақ актісі. Донор болыңыздар және өмірді сақтаңыздар»,– деген ұранмен өтіп жатыр.

Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер!

☑️14-ші маусым – Халықаралық блогерлер күні. Бұл мерекені өткізу идеясы 2004 жылы пайда болған. Бірден 40-тан астам елден 500 адам бірігіп, өздеріне арналған күн қажет деп шешті. Бұл мереке өз блогында әртүрлі тілде жазатын адамдарды жақындастырады және оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бүкіләлемдік желіге қол жеткізе алатын әрбір адам жынысына, ұлтына және жасына қарамастан блогерлер қауымдастығына қосыла алады. Сонымен, 2007 жылы 14-ші маусымда Блогерлер күнінің үш жылдығында өз блогы бар әрбір интернет қолданушы барлық блогерлер арасындағы ынтымақтастық туралы шағын хабарлама жариялады. Бірқатар елдерде осы күні бірнеше жылдан бері блогерлердің «тікелей» кездесулері өтіп келеді.

Әлеуметтік желілерді бақылап отырыңдар, қазақстандық блогерлер мұндай күн бар екенін біле ме екен.

☑️Бүгін бүкіл әлем натуристер күнін тойлайды. Олар — «жалаңаш» өмір салтын ұнататын адамдар. Бұл мерекені ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған Халықаралық натуризм федерациясы ұсынған. Нудистер мен натуристер бұл күнді қоғамға осы қозғалыстар мен эксгибиционизм арасындағы түбегейлі айырмашылықты түсіндірудің тамаша сәті деп санайды. Маңызды хабар — нудистер мен натуристтердің мәдениетінде эротикалық реңктер жоқ. Нудистер жайлылыққа ұмтылады, ал натуристер табиғатпен барынша жақындасуға бағытталған қозғалыстың өкілдері болып табылады. Бұл философияның негізі – табиғатпен үйлесімді өмір, өзіңмен, өзіңнің кемелсіздігіңмен және бірегейлігіңмен және басқаларды, өзіңді құрметтеу. Сіз білмесеңіз де, Қазақстанда да нудистік жағажайлар бар.

Бұл қозғалысқа қалай қарайсыз?

☑️Бүгін екітүрлі, бірақ саясатпен байланысқан өте танымал екі адамның туған күні. 1928 жылы 14-ші маусымда Куба революциясының атақты команданты Эрнесто Че Гевара дүниеге келді. Қазіргі әлемде танымалдығы бойынша Чемен бәсекелесе алатын тұлғалар аз. Ол еркіндік жолындағы күрестің символына айналды. Революционер Латын Америкасының көптеген елдерінде әрекет етті. 1967 жылы Боливияда тұтқынға түсіп, ату жазасына ұшырады. АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер – Дональд Трамп бүгін 76 жасқа толды. Президент болғанға дейін Трамп жылжымайтын мүлік кәсіпкері, сонымен қатар шоумен болды. Трамп 2024 жылы президент сайлауына түсуі мүмкін. Forbes журналы биыл оның байлығын 3 миллиард долларға бағалады.

Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп?