«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Наурыз, 2023


🫂Бүгін – Көрісу күні тойланады. Бастапқыда бұл күн еліміздің батыс өңірнің тұрғындары үшін ғана ерекше мәнге ие болды. Ал қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймағында танымалдылығы артып, жоғары деңгейде аталып өтеді. Көрісу/қауышу күні/Амал мерекесі – бұл үлкендермен, кішілермен амандасып, бата алып, ұзақ ғұмыр тілеу дәстүрі. Наурыз мейрамына бір апта қалғанда жұрт түрлі-түсті жаңа киімдерін кие бастайды. Сондай-ақ бір-бірімен қол алысып амандасып, «Бір жасың құтты болсын» деп құттықтайды! 

📈Бүгін математиктер – Халықаралық  π күнін атап өтеді. Көптеген адам π туралы алғашқы түсінікті орта мектепте қалыптастырды. Оны 3,14159 деп біледі.  Бірақ қазіргі таңда математиктер оны триллион санға дейін есептеді. π сандарын есте сақтау бойынша әлемдік рекорд – 67890. Бұл мерекені американдық физик – Ларри Шоу ойлап тауып, 14 наурыз (3/14) π санын құрайтын алғашқы сандармен сәйкес келетінін атап өтті.

🥪14 наурыз – фастфуд әуесқойлары сэндвич күнін атап өтеді. Әр халық бұл өнертабысты өзіне иемденуге тырысады. Тіпті сэндвичтің әрқашан сары май жағы төмен түседі деген заң да бар. Сондықтан көпшілігі сэндвичті ғалым – Николай Коперник комендант болған қамалды қоршау кезінде ойлап тапты деп есептейді. Сарайда болған эпидемиядан кейін, ол нанға сары май жағуды ұсынды. Осы арқылы еденге құлаған нан үстіндегі шаңды байқау оңай болды.

 

Сіздің сүйікті сэндвичіңіз қандай? 🥪

🎉14 наурыз дүниеге келген танымал адамдар. 144 жыл бұрын салыстырмалылық теориясының авторы, қазіргі теориялық физиканың негізін салушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты – Альберт Эйнштейн (1879-1955) дүниеге келді. Ол әлемнің 20-ға жуық жетекші университетінің құрметті докторы әрі көптеген ғылым академиясының мүшесі. Эйнштейн физика бойынша 300-ден астам ғылыми еңбектердің, сондай-ақ тарих, философия, журналистика және басқа да ғылымдар саласындағы 150-ге жуық кітаптар мен мақалалардың авторы. 

Бүгін 40 жылдық мерейтойын 2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы   – Бақтияр Артаев атап өтеді. Олимпиаданың соңғы күні Бақтияр Афиныда өткен ойында Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медаль салып үлгерді. Ерекше техникасының арқасында ол үздік спортшы ретінде Вал Баркер кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, ал Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.