🫡 14 сәуір — өршіл мақсаттар қоюға итермелейтін “Үлкен нәрсеге қол жеткізу күні” аталып өтеді. Әрине, кез келген адам үшін жаңа нәрсеге ұмтылып, тәуекел етудің орнына жайлылық аймақта болу ыңғайлы. Алайда бұл қарқынмен мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан тағдырдың аяқ асты күрт өзгерісіне дайын болмасаңыз, кішкентай жетістіктерден бастауыңызға болады. Ал жасаған әрекетіңіз сіз ойлағандай нәтижесін бермесе, көңіл күйіңіз түсіп, үмітіңізді бірден үзбеңіз. Өйткені сіз алғашқы қадамыңызды жасап, өзгеріске қарай ұмтылдыңыз. Осы тұста үлкен тәжірибе жинай алдыңыз. Сол себепті жағдайды сараптап, ары қарай жылжуыңызды тоқтатпаңыз!
Баршаңыздың жаңа бастамаларыңызға және кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз!
👀 Бүгін — “Аспанға қара” атты тағы бір қызықты күн аталып өтеді. Сәуір айының ортасына қарай, жерге қауіпсіз метеорлық жауын-шашын — лирид шамадан тыс көп түседі. Сонымен қатар осы кезеңде кез келген адам бақылауға мүмкіндік алатын басқа да бірнеше астрономиялық құбылыстар орын алады. Табиғат сұлулығын тамашалау үшін смартфон мен басқа да гаджеттеріңізді сөндіріп, әлем туралы білім көкжиегіңізді кеңейтуге тырысыңыз.
Жұлдыздарды тамашалаған ұнай ма?
🌚 14 сәуір Кореяда “Қара күн” деп аталады. Аталмыш мерекені бойдақтар Әулие Валентин күнінен кейін тойлауды әдетке айналдырған. Оңтүстік Кореяда қыз бен жігіттер арасында бір-біріне сыйлық тарту ететін екі мереке бар. Бірі — Әулие Валентин күні (14 ақпан). Бұл мерекеде әйелдер ер адамдарға сыйлық жасайды. Екіншісі — Ақ күн (14 наурыз). Аталымыш күні ерлер қауымы керісінше әйел адамдарға сыйлықпен қуантады. Ал “Қара күн” — қос мерекеде де сыйлық алмаған жандарға арналады. Әдетте, бұл күні бойдақтар қара киімдерін киіп, бас қосады. Осылайша барлығы қара соя пастасы қосылған кеспемен тамақтанады.
Ал сіз Валентин күніне орай сыйлық алдыңыз ба?
👥 14 сәуір дүниеге келген атақты тұлғалар. 112 жыл бұрын қазақ әдебиет сыншысы, жазушы — Белгібай Шалабаев (1911-1990) дүниеге келді. Ол «Әдебиет майданы», «Жекпе-жек» әңгімелерінің, «Өмірде не болмайды» повестер мен фельетондар жинағының авторы. Сонымен бірге «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томын жазған. «Қазақ прозасының тарихы», «Әйел кейіпкерінің сюжеті», «Қазақ романының тарихы» монографияларының авторы.
Бүгін америкалық актер және продюсер — Эдриен Броди 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. 29 жасында ол «Оскар» сыйлығын жеңіп алып, тарихта беделді сыйлықты иеленген ең жас актер атанды. Өнер иесі көпшілікке «Кинг Конг», «Пианист» және «Күрте» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымал. Астероидтардың бірі оның атымен аталған.