«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 июля, 2023


🤨14 шілде – Хаос пен тәртіпсіздік күні. Қазіргі таңда әлемде әр минут сайын әртүрлі оқиғалар мен сілкіністер болып тұрады. Осыған байланысты адамның қоғамда тәртіп пен дұрыс өмір салтын сақтауы қиын. Бұл күнді ұйымдастырушылардың айтуынша, адамдарға жылына бір рет өз үйлері мен бастарындағы заттарды ретке келтіріп отыруы қажет. Ол үшін қажетсіз нәрселерден арылып, жоғалған заттарын іздестіріп, басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға болады. 

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

👀Шілде айының әрбір екінші жұмасы — Дүниежүзілік кәуап күні. Қуырылған ет құрамында аминқышқылдары, май, мырыш, В және А дәрумені, темір мен ақуыз бар. Сондай-ақ ет ағзаның қорғаныс қабілеті мен энергетикалық әлеуетін арттыруға, йод тапшылығы мен анемияны азайтуға көмектеседі. Сондықтан күрделі дене еңбегімен айналысатын адамдардың тамақтану тәртібінде ет міндетті түрде болуы керек. Бірақ диетологтар еттің ағзаға кері әсерін азайту үшін оны көкөністер мен шөптермен бірге жеген дұрыс деп кеңес береді.

 

Сізге қай тағам түрі ұнайды: кәуап әлде бешбармақ? 

🧠2012 жылдың 14 шілдесінде eBay дүкенінде XVII ғасырда Қазақстанда тігілген әлемдегі ең қымбат қалпақ сатылымға шығарылды. Асыл тастармен безендірілген көне бас киімнің бастапқы бағасы 15,5 мың долларды құрады. Қалпақ алтын кестемен, жеті караттық қырлы қызғылт гауһар тастармен, үш караттық лағылмен, төрт караттық жақұтпен және табиғи інжу-маржанмен безендірілген. Қапшықты зергерлік бұйымдар мен антиквариат сатумен айналысатын американдық Nadine Krakov Collection дүкені саудаға шығарды.

 

Ал сізде қаражатыңыз болса, осындай қалпақ сатып алар ма едіңіз? 

👥14 шілде күні өмірге келген атақты адамдар. Бүгін француз музыканты, композитор әрі Space тобының жетекшісі Дидье Маруани 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол — электрондық музыканың пионерлерінің бірі. Сонымен қатар бүгін кәсіпқой бокста өнер көрсеткен ирландиялық аралас жекпе-жек палуаны Конор Макгрегор 35 жасқа толды. Спортшы жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол өз мансабында 400 миллион долларға жуық табыс тапқан әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшылардың бірі.

 

Сіз қай спортшының жанкүйерісіз: Хабиб немесе Конор?