«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 июля, 2024


🧠14 шілде — Дүниежүзілік интеллектуал ойындар күні. Дамыған интеллект пен эрудиция — адамның білімін айғақтайды, алынған ақпаратты өңдеу арқылы оны өмірде қолдана білуінің нәтижесі. Ойындар ақыл-ойды жаттықтыруға әрі ойлау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Мысал ретінде шахмат, го, маджонг, дойбы және нарды келтірсек болады. Викториналар мен эрудиция жарыстарына қатысу интеллекті мен ой-өрісінің дамуына ықпал етеді.

Сізге интеллектуал ойындардың ішінде қайсы көбірек ұнайды?

👨‍🏫14 шілде – Хаос пен тәртіпсіздік күні. Қазіргі таңда әлемде әр минут сайын әртүрлі оқиға мен сілкіністер болып тұрады. Осыған байланысты адамның қоғамда тәртіп пен дұрыс өмір салтын сақтауы қиындық тудырады. Бұл күнді ұйымдастырушылардың айтуынша, адамдарға жылына бір рет өз үйлері мен бастарындағы заттарды ретке келтіріп отыруы қажет. Ол үшін қажетсіз нәрселерден арылып, жоғалған заттарын іздестіріп, басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға болады. 

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

 👀2012 жылдың 14 шілдесінде eBay электронды аукционында XVII ғасырда Қазақстанда тігілген әлемдегі ең қымбат қалпақ сатылымға шығарылды. Асыл тастармен безендірілген көне бас киімнің бастапқы бағасы 15,5 мың долларды құрады. Қалпақ алтын кестемен, жеті караттық қырлы қызғылт гауһар тастармен, үш караттық лағылмен, төрт караттық жақұтпен және табиғи інжу-маржанмен безендірілген. Қапшықты зергерлік бұйымдар мен антиквариат сатумен айналысатын америкалық Nadine Krakov Collection дүкені саудаға шығарды.

 

Ал сізде қаражатыңыз болса, осындай қалпақ сатып алар ма едіңіз? 

 

👥14 шілдеде өмірге келген атақты адамдар. Бүгін француз музыканты, композитор әрі Space тобының жетекшісі Дидье Маруани 71 жасқа толды. Ол — электрондық музыканың пионерлерінің бірі. Сонымен қатар бүгін кәсіпқой бокста өнер көрсеткен ирландиялық аралас жекпе-жек палуаны Конор Макгрегор 36 жасын атап өтеді. Спортшы жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол өз мансабында 400 миллион долларға жуық табыс тапқан әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшылардың бірі. Соңғы бір жылда ол тіпті “Дом у дороги” фильміне түсіп үлгерді. Спортшы UFC-де жекпе-жек өткізгісі келді. Бірақ оған жекпе-жек өткізуге рұқсат етілмеген. Өйткені соңғы уақытта ол алкогольді тым асыра пайдаланып жүр.

 

Сіз қай спортшының жанкүйерісіз: Хабиб немесе Конор?