«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 августа, 2023


☝️1969 жылы 14 тамызда Жалаңашкөлден шығысқа қарай 10 шақырым жерде Қытайдың қарулы арандатушылары Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстан жеріне басып кірді. Тас биікте кеңестік шекара нарядымен шайқас басталды. Қарулы арандатушылар жерді қазып үлгергенімен, шайқас тез өтті. Шекарашылардың батылдығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында шекара бұзушылар кері қайтарылды.

🦎14 тамызда табиғат сүйер қауым дүниежүзілік кесіртке күнін атап өтеді. Көптеген мәдениетте кесіртке қорғаныс, емдеу және еркектік символ ретінде белгілі. Бүгінде кесірткелердің 6,3 мыңға жуық түрі бар. Алайда олардың көпшілігіне қауіп төніп тұр. Кесірткелердің кейбіреуі сирек кездесетіндіктен, зерттеу қиын болып келеді. Сондықтан ғалымдардың бұл бауырмен жорғалаушылардың биологиясы мен әдеттері туралы хабары аз.

Сіз кесірткелерден қорықпайсыз ба?

🌱2012 жылы 14 тамызда Павлодардың 2 курс студенті Роза Мұқатаева Италияның Римини қаласында өткен эстрада әншілерінің “Виват, Италия!” жастар фестивалінде бірінші орын иеленді. Фестивальде ол итальян тілінде «Карузоға арнау» әнін орындап, қазылар алқасының жүрегін жаулап алды. Осы арқылы өнер иесі “Эстрадалық вокал” номинациясы бойынша жеңіске жетті.

💃14 тамыз — әйгілі екі әйелдің туған күні. Бүгін американдық актриса әрі режиссер Хэлли Берри 57 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі кино тарихындағы басты рөлді сомдағаны үшін «Оскар» иеленген алғашқы қара нәсілді актриса. Көпшілікке ол «Люди Икс», «Женщина-кошка», «Облачный атлас» фильмдерімен танымал. Сондай – ақ бүгін Украинадан шыққан американдық киноактриса Мила Кунис 41 жасқа толды. Мансап жолында ол отызға жуық жанрлық фильмдерде ойнады. Оның арасында «Черный лебедь”, «Секс по дружбе” және “Очень плохие мамочки” фмльмдерін атап өтуге болады. Мила Голливудтағы ең жоғары жалақы алатын актрисалардың бірі. Сонымен бірге Christian Dior сән үйімен ынтымақтастық қарым-қатынаста.

Сізге қай актриса ұнайды: Хэлли Берри немесе Мила Кунис?