🚑Қыркүйектің екінші сенбісінде Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні аталып өтеді. Жыл сайын әлемде барлық өлім-жітімнің 10%-ы және мүгедектікке душар ететін жағдайлардың 15%-ы жол-көлік оқиғасы, күйік, құлау немесе суға бату сияқты жарақат салдарынан туындайды. Алғашқы медициналық көмек, әсіресе, “алтын сағат” деп аталатын кезеңде тиімді. Себебі бұл уақыт ішінде адам ағзасы өзінің тұрақты күйін сақтайды. Сондықтан осы сәтте алғашқы медициналық көмек көрсете білу немесе жедел жәрдем шақыру маңызды екенін естен шығармаңыз.
Сіздің алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезіңіз болды ма?
💐14 қыркүйек — Шнобель сыйлығының күні. Беделді “Нобель” сыйлығының пародиясын әзіл-сықақ журналы мен журналист Марк Абрахамс ойлап тапты. Бұл адамдарға ғылым, медицина, технология және т.б. салаларындағы кез келген идеясын қолдау мақсатында табысталады. Мұндағы зерттеулер алдымен күлкі сыйлап, содан соң ой салуға итермелеуі қажет. Мысалы, 2 жыл бұрын Экономика саласындағы сыйлық “посткеңестік елдердің толық саясаткерлері арық әріптестеріне қарағанда параны жиі алады” деген теория үшін табысталды. Сыйақы сомасы Зимбабведе 10 триллион долларды құрайды. Бұл шамамен 5000 теңге.
🌿14 қыркүйек – күзгі сыбдырларға назар аудару күні. Қазіргі уақытта кез келген жағдайды қабылдау үшін көру қабілеті маңызды рөл атқарады. Сарапшылардың пікірінше, адамдар бұрын есту қабілетіне көбірек сенім артатын. Сондықтан кітапты іштей ежелеп емес, дауыстап оқитын. Аталмыш күннің мақсаты — адамдарға ең қарапайым нәрселердің дыбысын еске салу. Мысалы, күзгі жапырақтардың сыбдыры, мысықтың еркелеген дауысы және т.б. Бүгін саябақтағы орындықтарға жайғасып, айналамыздағы дыбыстардан ләззат ала аламыз.
Сізге қандай дыбыс ұнайды?
👥14 қыркүйек — танымал екі шығармашылық тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстандағы жоғары көркемдік білім беруді ұйымдастырушылардың бірі, суретші Байтұрсын Өмірбеков 78 жасқа толды. Осы тақырып негізінде ол оқу құралдары мен екі кітапты жарыққа шығарып, түстану бойынша жаңа теориялық курс әзірледі. Оның шығармашылық жұмыстары республиканың әртүрлі мұражайлары мен жеке коллекцияларында тұр. Сондай-ақ ол көптеген халықаралық және республикалық музей жобаларының, альбомдардың, жинақтардағы мақалалардың авторы. Ал 41 жыл бұрын 2000 жылдардағы жетекші британдық орындаушылардың бірі Эми Уайнхаус (1983-2011) дүниеге келді. Өнер иесі бес мәрте Грэмми сыйлығын жеңіп алған алғашқы және жалғыз британдық әнші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның киімдерінің арасында есте қаларлық стилі Карл Лагерфельд сияқты сәнгерлер үшін музаға айналды. Эми 27 жасында алкогольдік интоксикациядан туындаған инфаркттан қайтыс болды. Оның соңғы концертінде киген көйлегі аукционда 243 000 долларға сатылды.