«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 декабря, 2023


💡14 желтоқсан — Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандарға құрмет көрсету күні ретінде бекітілді. 1986 жылы 26 сәуірде атом реакторларының бірі апатқа ұшырап, адамзат тарихындағы ең үлкен техногендік апат орын алды. 1986 жылдың 14 желтоқсанда радиацияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында салынған күрделі қорғаныс құрылысы аяқталды. Апат залалсыздандыруға 500 мыңнан астам адам тартылды. Оның 32 мыңға жуығы қазақстандықтар болды. Сәулеленудің жоғары мөлшеріне байланысты бұл адамдар ардагер ретінде танылып, әртүрлі әлеуметтік қолдауларға ие болды. 

 

Ал сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты идеяны қолдайсыз ба?

🐵14 желтоқсан — Халықаралық маймылдар күні. Бұл күн АҚШ университеттерінің бірінде әзіл ретінде пайда болған. Алайда кейін әзіл дәстүрге айналып, интернет желісінде халықаралық мереке есебінде тойланатын болды. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі хайуанаттар бағы әлем бойынша тек 400-ден астам түрі бар приматтарға арналған мерекеге қатысады. Жануар қорғаушылары аталмыш күні маймылдар мәселесіне ерекше назар аударуға шақырады. 

❄️112 жыл бұрын адам алғаш рет Оңтүстік полюске табан тіреді. 1911 жылы 14 желтоқсанда Руал Амундсен экспедициясы мақсатына жетіп, Норвегия туын шексіз қарлы жазықта желбіретті. Полярлық зерттеуші әрі саяхатшы Рауль Амундсен (1872-1928) — ғаламшардың екі географиялық полюсіне барған алғашқы адам. 

Айта кету керек, Антарктидадағы екі тауға «Қазақстан» және «Астана» атауы берілген. 

👥14 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. 520 жыл бұрын француз дәрігері, жазушы, астролог, алхимик әрі пайғамбырлық қасиетімен танымал болған Нострадамус (1503-1566) дүниеге келді. Оның болжамдары адамдарды қазіргі таңда орын алып жатқан оқиғалар мен болашаққа (2240 жылға) салғырт қарамауға мүмкіндік береді. Мәселен, Нострадамустың болжамдарында Екінші дүниежүзілік соғыс, Хиросимадағы ядролық жарылыс, ЖҚТБ эпидемиясы, 2001 жылы орын алған АҚШ-тағы шабуыл алдын ала сипатталған. Сонымен қатар 99 жыл бұрын кино тарихында ең танымал актерлердің бірі Радж Капур (1924-1988) дүниеге келді. Үндістанның өнер қайраткері көптеген беделді марапаттың иегері. Мансап жолында ол «мыңжылдық шоумен» деп танылып, Алтын ғасыр дәуіріндегі ең үздік кино актері ретінде құрметтеледі. Оның жеке даңқы бұрынғы КСРО елдерінде үнді киносының танымал болуына ықпал етті. 

 

Ал сіз болжамдарға сенесіз бе?