«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 декабря, 2024


👀14 желтоқсан Чернобыль АЭС-ындағы апатты жоюға қатысқандарға құрмет көрсету күні ретінде бекітілді. 1986 жылы 26 сәуірде атом реакторларының бірі апатқа ұшырап, адамзат тарихындағы ең үлкен техногендік апат орын алды. 1986 жылы 14 желтоқсанда радиацияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында салынған күрделі қорғаныс құрылысы аяқталды. Апат салдарын жоюға және қорғаныс нысанын тұрғызуға 500 мыңнан астам адам тартылды. Олардың ішінде 32 мыңға жуығы қазақстандықтар болды.

 

 

🙈14 желтоқсан — Халықаралық маймылдар күні. Бұл күн АҚШ университеттерінің бірінде әзіл ретінде пайда болған. Алайда кейін әзіл дәстүрге айналып, интернет желісінде халықаралық мереке есебінде тойланатын болды. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі хайуанаттар бағы әлем бойынша тек 400-ден астам түрі бар приматтарға арналған мерекеге қатысады. Жануар қорғаушылары аталмыш күні маймылдар мәселесіне ерекше назар аударуға шақырады. 

 

💪112 жыл бұрын адам баласы алғаш рет Оңтүстік полюске табан тіреді. 1911 жылы 14 желтоқсанда Руал Амундсен экспедициясы мақсатына жетіп, Норвегия туын шексіз қарлы жазықта желбіретті. Полярлық зерттеуші әрі саяхатшы Рауль Амундсен (1872-1928) — ғаламшардың екі географиялық полюсіне барған алғашқы адам. 

Айта кету керек, Антарктидадағы екі тауға «Қазақстан» және «Астана» атауы берілген. 

👥14 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. 521 жыл бұрын француз дәрігері, жазушы, астролог, алхимик әрі пайғамбырлық қасиетімен танымал болған Нострадамус (1503-1566) дүниеге келді. Оның болжамдарын заманауи оқиғалармен байланыстыра отырып, адамдар болашақты 2240 жылға дейін болжауға тырысады. Көптің айтуы бойынша, Нострадамус Екінші дүниежүзілік соғыс, Хиросимадағы ядролық жарылыс, ЖҚТБ эпидемиясы, 2001 жылы орын алған АҚШ-тағы терракт сынды оқиғаларды алдын ала сипаттаған. Сонымен қатар 100 жыл бұрын кино тарихында ең танымал актерлердің бірі Радж Капур (1924-1988) өмірге келді. Үндістанның өнер қайраткері көптеген беделді марапаттың иегері.

Ал сіз болжамдарға сенесіз бе?