«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 февраля, 2023


☑️ 15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні. Жыл сайын ғаламшарда шамамен 200 000 нәресте қатерлі ісікке шалдығады.  Олардың 50%-ы қайтыс болады. Бұл күннің басты мақсаты – педиатрлардың, кәсіби медициналық қауымдастықтың, әлеуметтік жауапты азаматтардың балалар онкологиясының жетістіктері мен проблемалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Балалардың қатерлі ісігімен күресу –  кішкентай батырларды еске алуға шақырады. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

☑️ Бүгін — Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күні. 1989 жылы 15 ақпан 40-шы Кеңес Армиясы мен оған бекітілген бөлімдер Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығарылды. Қақтығыстың 10 жылында Ауғанстанда Кеңес Одағының 500 мыңнан астам азаматы интернационалдық борышын өтеді. Оның 22269-ы қазақтар. Соғыстан 15 мыңға жуық жауынгер оралмады. Қазақстанның шығыны 889 адамды құрады.

 

Ауғанстанда қызмет еткен таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

☑️ 2014 жылдың 15 ақпанында мәнерлеп сырғанаушы — Денис Тен Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада медалін салды. Оның мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдесі бар. Сонымен қатар Денис әлемнің вице-чемпионы атанып, төрт құрлық чемпионатында және басқа да ірі турнирлерде жеңіске жетті. Оны 2018 жылдың 19 шілдесінде туған жері Алматыда автокөлік әйнегінің ұрыларының қолынан қаза тапты.

☑️15 ақпан дүниеге келген қазақтың танымал тұлғалары. 109 жыл бұрын қазақтың тұңғыш кинорежиссері — Шәкен Айманов (1914-1970) дүниеге келді. Ол режиссер ретінде ғана емес, театр мен кино сахнасында актер ретінде де танымал болды. Оның туындылары адамдарға үміт пен сүйіспеншілік сыйлап, армандау мен бақытты болуға көмектесе білді. 1984 жылдан «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілді. 

Сонымен қатар 108 жыл бұрын қазақтың тұңғыш тарих ғылымының докторы — Ермұхан Бекмаханов (1915-1966) дүниеге келді. 1952 жылы ол «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегі үшін қамауға алынды. Мұнда хан Кенесары көтерілісін қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы деп атады. Тарихшылар Евгений Тарле, Яковлев, Семён Бушуев бұл еңбекті «Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті мадақтап, орыстарға қарсы жазылған» деп бағалады. Ол 25 жыл түрмеде отырды, бірақ Сталин қайтыс болғаннан кейін босатылып, ақталды. Сондай-ақ қазақтардың мәдениеті мен өнерінің тарихына арналған еңбектердің, Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 

 

Шәкен Аймановтың қай фильмі сізге ұнайды?