«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 января, 2023


☑️ 89 жыл бұрын Қазақ мемлекеттік университетінің ресми ашылуы өтті. 1993 жылы Қазақстан Президентінің арнайы Жарлығымен университетке автономиялық мемлекеттік университет мәртебесі беріліп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып аталды. Бүгінде оның құрамына 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк кіреді. Онда 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қызмет етеді. Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. 2022 жылғы университеттердің халықаралық рейтингінде ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы барлық университет арасында ең жоғары рейтингке ие болды.

Оқырмандарымыздың арасында ҚазҰУ түлектері болса, альма матеріңіздің туған күнімен құттықтаймыз!

☑️Бүгін — Wikipedia күні аталып өтеді. 2001 жылдың 15 қаңтарында Уикипедия өз жұмысын бастады. Ол ақпарат көлемі мен тақырыптық қамтуы бойынша адамзат тарихындағы ең толық энциклопедия. Сайттың иесі американдық коммерциялық емес ұйым — Wikipedia Foundation. Оның авторлары мен редакторлары дүние жүзінің 250-ден астам тіліне мақала жазумен және аудармамен айналысады. Қазақша Уикипедия 2002 жылы ашылды. Мұнда 2023 жылдың басында әртүрлі тақырыптағы 232 мыңнан астам мақала болды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақша Уикипедия барлық тілдік бөлімдер арасында 40-орында тұр.

Википедиядағы ақпаратты жиі пайдаланасыз ба?

☑️Бүгін белсенді өмір салтын ұнататындар — Дүниежүзілік қар күнін атап өтеді. Бұл күн қысқы спорт түрлерімен байланысты. Оның мақсаты — ашық ауада және салауатты өмір салтын насихаттау. Әсіресе, балалар мен жастар арасында. Барлық адам тау, шаңғы, шана, коньки сынды спорт түрлерімен шұғылданғанды ұнатады. Қазақстанның табиғаты да аталмыш спортпен шұғылдануға ыңғайлы болып келеді.  

Сізге қай қысқы спорт түрі ұнайды?

☑️15 қаңтар өмірге келген атақты тұлғалар. 401 жыл бұрын XVII ғасырдың француз комедиографы, классикалық комедияны жасаушы және өз театрының актері — Мольер (1622-1673) дүниеге келді. Ол әлі күнге дейін әлемнің барлық театр сахнасында сәтті қойылып келе жатқан «Өлмейтін» «Тартуф» және «Дон Джованни» шығармаларының авторы. Ғабит Мүсірепов Мольердің көптеген шығармасын қазақ тіліне аударғаны белгілі. Мольердің құрметіне Меркурийдегі кратер және Францияның бас театр сыйлығы аталды.   

Сонымен қатар 94 жыл бұрын АҚШ-тағы қара азаматтық құқықтар қозғалысының ең танымал жетекшісі — Мартин Лютер Кинг (1929-1968) дүниеге келді. Кинг азаматтық құқықты зорлық-зомбылықсыз және азаматтық бағынбау арқылы қорғауды жақтады. Оның «Арманым бар» сөзі — шешендік өнердің жауһарларының бірі саналады. Қауіптерге қарамастан, ол АҚШ тұрғындарының кең қолдауына ие болған кейбір ірі акцияларды басқарды. Алайда 39 жасында мергеннің қолынан қаза тапты. Мартин өлтірілген бірнеше күннен кейін АҚШ Конгресі нәсіліне, дініне, ұлттық тегіне байланысты кемсітуге тыйым салатын заң қабылдады. 

Сіз адам құқықтарының бостандығы күресіп жүрген қандай жандарды білесіз?