«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 ноября, 2023


💸Бүгін Қазақстанда ұлттық валюта күні аталып өтеді. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Бұл — еліміз үшін маңызды оқиға болды. Ұлттық валютаның арқасында еліміз дербес ақша-несие және экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік алды. Валютамыздың қорғаныс деңгейі мен дизайнын халықаралық қаржы қауымдастығы жиі атап өтеді. Айта кетейік, бүгін Қазақстан қаржыгерлерінің күні. 

Егер қаржы ұйымдарының таныс қызметкерлері болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

⌛️15 қараша — Дүниежүзілік қайта өңдеу күні. Ауданы жыл сайын ұлғайып келе жатқан қоқыс алаңдары экологиямызға кері әсерін тигізуде. Бүгінде көптеген дамыған елдер қалдықтардың 40%-дан 60%-ға дейінін қайта өңдеп, жақсы нәтиже көрсетуде. Мысалы, Австрияда қоқыс өңдеу зауыты тұрғын үйлерді жылытса, Жапонияда қоқыстан аралдар салынған. Бөлек жиналған қалдықтар қоқыс емес, қайталама шикізат екенін есте ұстаған жөн, олардан қоршаған ортаға қосымша ауыртпалық түсірмей-ақ өзімізге қажетті тауарларды жасай аламыз. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🧁15 қараша тәтті құмар жандар шоколадты кекс күнін атап өтеді. Әйгілі кондитерлік өнім Ежелгі Римде пайда болды. Бұл кезеңде адамдар арпа езбесіне жаңғақты, анарды, мейізді және басқа да қоспаларды араластырғанды ұнататын. Шоколадты кекстер 16 ғасырда Америкадан Еуропаға қант пен какао әкеле бастаған кезде танымал болды. Бүгінде шоколадты кекстер әлемдегі ең көп таралған десерттердің біріне айналды.

 

Сіздің сүйікті десертіңіз қандай?

👏15 қараша өмірге келген қазақтың танымал тұлғалары. 129 жыл бұрын қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлин (1894-1938) дүниеге келді. Ол 25 пьесаның, либреттоның, сценарийдің авторы. Сонымен қатар 15 повесть пен «Азамат Азаматұлы» романын жазды. Шығармашылық жолының шарықтау кезінде Кеңес өкіметі тұтқынға алып,  ату жазасына кесті. Осылайша оның екі романы аяқсыз қалды. 1957 жылы қоғам қайраткері ақталды. Сондай — ақ 108 жыл бұрын қазақ ғалымы және жазушысы Мәлік Ғабдуллин (1915-1973) дүниеге келді. Ол 14 жасынан бастап белгілі жазушы Сәбит Мұқановтың отбасында тәрбиеленген. Панфилов дивизиясының құрамында соғысып, Кеңес Одағының Батыры атанды. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын дайындауға және басып шығаруға атсалысты. Оның «Қазақ қаһармандық эпосы» атты ғылыми еңбегі 1972 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.  

#теңге #күнтізбе #15қараша #шоколад