👥15 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Отбасы – қоғамның ең маңызды әрі негізгі әлеуметтік институттарының бірі. Ол – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір, адамның әлеуметтенуіндегі алғашқы баспалдақ. Баланың қоғамға толыққанды азамат ретінде қалыптасуы – мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды.
Осы мерекемен барша оқырманды шын жүректен құттықтаймыз!
👏Бүгін — Халықаралық климат күні. Климаттың сақталуы – бүгінгі адамзаттың алдында тұрған ең өзекті жаһандық мәселелердің бірі. “Қазгидромет” РМК-ның деректеріне сүйенсек, көктемгі айлардың температурасы жыл сайын артып келеді. 2050 жылға қарай Қазақстанда орташа температура 2–3°C-қа жоғарылайды деген болжам бар. Бұл еліміздің Австралия, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерімен қатар, су ресурстарының тапшылығы секілді күрделі экологиялық проблемалармен бетпе-бет келу қаупін арттырады.
💼15 мамырда халықаралық туа біткен дақтар туралы ақпараттандару күні. Көптеген меңдер мен дақтар адам денсаулығына еш зиян келтірмейді және қоршаған орта үшін де қауіпсіз. Кейбіреулері сырт көзге ұнамсыз көрінуі мүмкін, ал енді біреулерінің келбетті толықтырып, ерекшелік беріп тұратыны бар. Бұл күн адамдардың сырт келбетінде кездесетін ерекшеліктерге түсіністікпен қарап, стигма мен кемсітудің алдын алуға үндейді.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👥15 мамырда өмірге келген танымал тұлғалар. 103 жыл бұрын Қазақстаннан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова (1922-2008) дүниеге келді. Қазақстанның Халық қаһарманы Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланса да, қайтадан қызметіне оралып, Жеңісті Берлин маңында қарсы алды. “Эйр Астана” әуе компаниясының бір ұшағы және Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімімен аталған. Бүгін көркем гимнастикадан Азияның бірнеше дүркін чемпионы Әлия Юсупова 41 жасқа толды. 2004 жылы ол Олимпиада ойындарында төртінші орынға ие болды. 2021 жылдан бастап Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады.
Әлияның Афиныда доппен өнер көрсетуін мына сілтемеден көре аласыз-2004 https://www.youtube.com/watch?v=ZRp1fVsAifw