«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 июня, 2023


💐15 маусым – Дүниежүзілік қарттарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат тарату күні. БҰҰ деректері бойынша қазіргі таңда әрбір алтыншы зейнеткер теріс көзқарас пен қатыгез қарым-қатынастан зардап шегеді. Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде қарт адамдардың саны жыл сайын тұрақты түрде артып келеді. Мысалы, 2050 жылға қарай әлемде шамамен 2 миллиардқа жуық қарт болады. Яғни, алдағы уақытта аталмыш мәселе жаһандық сипатқа ие болуы мүмкін. Сондықтан бұл бастаманы қолдап, әділетсіздікпен күресті дәл қазірден бастауымыз керек.

🌳15 маусым дүниежүзілік жел күні аталып өтеді. Бұл табиғи құбылысқа аз көңіл бөлінеді. Бірақ соған қарамастан адамдар үшін ең маңызды энергетикалық ресурс жомарттығын тоқтатқан емес. Қазақстанның климаты желдің қажетті жылдамдығы бар жел дәліздерінің болуына байланысты жел электр станцияларын салуға өте қолайлы. Соның арқасында елімізде 60-қа жуық жел электр станциялары салынды. Болашақта технологиялардың арзандауына байланысты елімізде «жасыл » энергетикалық жобалардың саны айтарлықтай өсуі мүмкін.

 

Сіз «жасыл» энергетиканың дамуын қолдайсыз ба?

💃15 маусым белсенді өмір салтын ұстанатындар халықаралық серуен күнін атап өтеді. Жаяу серуендеу дене бітімді сақтауға, денсаулықты жақсартуға және психо-эмоционалды жағдайды бір қалыпта ұстауға көмектеседі. Табиғатпен үндесу — жан мен тәннің саулығын қалпына келтіруге үлес қосады. Ғалымдар аптасына кемінде 3 рет 40 минут жаяу серуендеуге кеңес береді. Себебі мұндай адамдардың интеллектісі белсенді өмір салтын ұстанбайтындарға қарағанда әлдеқайда жақсырақ дамитынын дәлелдеді.

 

Ал сіз жаяу жүргенді ұнатасыз ба?

🕺15 маусым — Ер адамдардың кемшіліктері күні. Әйелдердің пікірінше, еркектердің басты кемшіліктері: өзімшілдік, жалқаулық, дөрекілік, жалқаулық, көп жағдайда үнсіздік танытуы, тұрмыстық істерге икемсіздігі, қиялдың төмен болуы және ішімдікке құмарлығы. Адамдар мінсіз болмайды. Алайда көптеген ерлі-зайыптылар бір-бірінің жағымсыз әрекеттері мен кемшіліктеріне шыдай алмағандықтан, қарым-қатынастары үзіліп жатады. Дегенмен бұл ер адамдар үшін ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Әрбір сүйікті әрі ерін сүйе білетін әйел даналығының арқасында өзінің таңдаған адамымен үйлесімді қарым-қатынас ұстап, оның жақсы жаққа өзгеруіне үлес қоса алады. Бүгін жұбайыңызға жай ғана оның жақсы адам екенін айтыңыз. Оған жылы сөзіңізді арнаңыз. Осы әрекетті жиі қайталайтын болсаңыз, сізге деген қарым-қатынасының өзгергенін байқайсыз. Осылайша ол сіз үшін көп нәрсеге дайын болады.