«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 июня, 2024


👥15 маусым – Дүниежүзілік қарттарға көрсетілетін зорлық-зомбылық туралы хабардар ету күні. БҰҰ мәліметінше, қазіргі таңда әрбір алтыншы зейнеткер жағымсыз көзқарас пен қатыгез қарым-қатынастан зардап шегеді. Сонымен қатар статистикаға сүйенсек, әлемде қарт адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2050 жылға қарай әлемде шамамен 2 миллиардқа жуық қарт болады деген болжамдар айтылады. 

 

☘️15 маусым дүниежүзілік “жел” күні аталып өтеді. Бұл табиғи құбылысқа адамдар аз көңіл бөліп жатады. Десе де соған қарамастан ең маңызды энергетикалық ресурс жомарттық танытуын тоқтатқан емес. Қазақстанның климаты желдің қажетті жылдамдығы бар жел дәліздерінің болуына байланысты “жел электр станцияларын” салуға өте қолайлы. Соның арқасында елімізде 60-қа жуық жел электр станциялары салынды.

 

Сіз «жасыл» энергетиканың дамуын қолдайсыз ба?

 

 

🕺15 маусымда белсенді өмір салтын ұстанатындар халықаралық серуен күнін атап өтеді. Жаяу серуендеу дене бітіміңізді сақтауға, денсаулығыңызды жақсартуға және психо-эмоционалды жағдайды тұрақты ұстауға көмектеседі. Сондай-ақ табиғатпен үндесу жан мен тәннің саулығын қалпына келтіреді.

Ал сіз жаяу жүргенді ұнатасыз ба?

 

👀15 маусымда ер адамдардағы кемшіліктер күні аталып өтеді. Әйелдер қауымының пікірінше, еркектердің басты кемшілігі: өзімшілдік, жалқаулық, дөрекілік, жалқаулық, көп жағдайда үнсіздік танытуы, тұрмыстық істерге икемсіздігі, қиялының төмен болуы және ішімдікке құмарлығы. Иә, ешбір адам мінсіз болмайды. Алайда бір-бірінің жағымсыз әрекеттері мен кемшіліктеріне шыдай алмаған көптеген ерлі-зайыптының жолы екіге бөлініп, қарым-қатынастары үзіліп жатады.