«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 июня, 2025


👩‍⚕️Маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке 1998 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген. Осы күні Армения, Беларусь, Молдова, Украина және Ресей елдеріндегі медицина қызметкерлері де құттықтаулар қабылдайды.

“Медицина” сөзі көне грек тілінен аударғанда “емдеу өнері” дегенді білдіреді. Ал ондай өнерге ие жандар – қай кезде де қоғам үшін аса қажетті адамдар. COVID-19 пандемиясы медицина мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

Егер жақындарыңыздың арасында дәрігерлер болса, міндетті түрде құттықтаңыз!

🗣Маусым айының үшінші жексенбісінде сондай-ақ Халықаралық Әке күні де аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – отбасының асыраушысы ғана емес, бала тәрбиесіне де белсене араласатын әкелердің отбасындағы ерекше рөлін атап өту. Отбасының тірегі саналатын әкенің балалардың психологиялық және физикалық дамуына тигізер ықпалы зор.

Әкеңізді бүгінгі күнмен құттықтауды ұмытпаңыз!

👀15 маусымда белсенді өмір салтын ұстанатындар халықаралық серуендеу күнін атап өтеді. Жаяу серуендеу – дене бітімді сақтап қана қоймай, денсаулықты нығайтып, психоэмоционалды күйді теңестіретін тәсіл. Сондай-ақ табиғатпен үндесу жан мен тәннің саулығын қалпына келтіреді. Ғалымдардың зерттеуінше, аптасына үш рет қырық 40 жаяу жүретін адамдардың интеллектуалды қабілеті әлдеқайда жоғары болады екен.

 

Ал сіз жаяу жүргенді ұнатасыз ба?

 

👥15 маусымда ер адамдардың кемшіліктері күні аталып өтеді. Әйелдердің пікірінше, еркектердің басты кемшілігі: өзімшілдік, жалқаулық, дөрекілік, жалқаулық, көп жағдайда үнсіздік танытуы, тұрмыстық істерге икемсіздігі, қиялының төмен болуы және ішімдікке құмарлығы. Иә, ешбір адам мінсіз болмайды. Алайда бір-бірінің жағымсыз әрекеттері мен кемшіліктеріне шыдай алмаған көптеген ерлі-зайыптының жолы екіге бөлініп жатады. Десе де, бұл кемшіліктер ер адамның жақсы қасиеттерінің қасында түкке тұрғысыз боп қалуы да мүмкін. Еріне деген махаббаты мен құрметі жоғары әрбір әйел даналығының арқасында таңдауы түскен адамын еш ұрыс-керіссіз әрі үйлесімді қарым-қатынаста жақсы жаққа өзгерте алады. Бүгін жұбайыңызға жай ғана оның жақсы адам екенін айтып, жылы сөзіңізді арнаңыз. Осы әрекетті жиі қайталайтын болсаңыз, оның сізге деген қарым-қатынасының өзгергенін байқайсыз. Әрі сіз үшін көп нәрсе жасауға дайын болады.