«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 июля, 2024


💫15 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік жастар дағдылары күні аталып өтеді. Жастар арасында жұмыссыздықтың белең алуы бүкіл әлемнің алаңдаушылығын туғызуда. Бүгінде жұмыссыз жүрген 70 миллионнан астам қыз-жігіт бар, бұл еңбекке жарамды халықтың елеулі бөлігі. Жастық шақ — мансап пен отбасы негізі қалыптасатын өмірдегі ең маңызды кезең. Қазіргі таңда жастар еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуы үшін қосымша дағдылар мен мамандықтарды игеруі қажет.

Біздің арнаны оқыңыз, дамыңыз және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болыңыз!

🎨15 шілдеде суретшілер көмірмен сурет салу күнін атап өтеді. Жартастағы кескіндеме алғашқы адамдар арасында оттың пайда болуымен бір мезгілде пайда болды. Аңшылық пен күнделікті көріністерді бейнелеу үшін көмір пайдаланылды. Көмірді пайдалану оңай болды. Себебі ол кез келген бетке оңай жағылып, тез жойылады. Графит қарындаштары пайда болғанға дейін суретшілер пайдаланған материал бүгінгі күнде
кең таралған кескіндеме әдістерінің бірі.

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер болса, оларды осы күнмен құттықтауды ұмытпаңыз!


🌕108 жыл бұрын әлемдегі ең ірі авиация, ғарыш және әскери техника өндіруші америкалық
The Boeing Company корпорациясы құрылды. Оның тарихы 1916 жылы Уильям Боинг өзінің әріптес инженері Джордж Вестервельтпен бірге өзінің алғашқы ұшағын әзірлеп, әуеге шығарған кезде бастау алды. Қазір Boeing-те 142 000 адам жұмыс істейді, компанияның құны 113 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар олар Айға ұшатын ғарыш аппаратының прототипін жасауға кірісті.

Сізге қай ұшақ ұнайды, Boeing немесе Airbus?

👥15 шілде — танымал екі актердің туған күні. Бүгін «Оскар», «Алтын глобус», BAFTA және «Эмми» сыйлықтарының иегері Форест Уитакер 63 жасқа толды. Ол мансап жолында 70-тен астам фильмде ойнады. Сондай — ақ бүгін неміс актрисасы әрі фотомодель Диана Крюгер 48 жасын атап өтеді. Канн кинофестивалінің бас жүлдегері 40-тан астам фильмдегі ролімен танымал болды.

Сізге кім ұнайды: Форест Уитакер немесе Диана Крюгер?