«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 Тамыз, 2023


🪖15 тамыз Қазақстанда археологтар күні аталып өтеді. Кез келген елдің тарихы археологтардың арқасында қалыптасады. Олар болжам әлеміне нақты фактілерді әкеледі. Біздің жерімізде көптеген тарихи ескерткіштер бар. Ал айтулы олжалар Қазақстан тарихының бай екенінен хабардар береді. Сондай-ақ ата-бабаларымыздың ежелгі халықтар мен мемлекеттермен қарым-қатынасының үзінділерін байланыстырады.

 

Қазақ археологтарының қандай белгілі олжаларын білесіздер?

📱Бүгін қандай да бір іс – шараға немесе адамға емес, телефонмен сәлемдесу түрі «Алло» сөзінің пайда болған күніне арналған мереке аталып өтеді. 1876 жылдан бастап телефон қоңырауларында осы сөз кеңінен қолданыла бастады. Бұл адамдар арасындағы әңгімені бастауға үлкен мүмкіндік берді. 1877 жылы 15 тамызда өнертапқыш Томас Эдисон әлемнің көптеген елінде «Hello» сөзін қолдануды ұсынды.

 

Сіз телефонмен сөйлескенде сәлемдесудің қай түрін қолданасыз?

💃1944 жылы 15 тамызда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты құрылды. Институттың басты ерекшелігі-онда негізінен жетім балалар, шопандардың, колхозшылардың, Қазақстанның шалғайдағы ауылдық аудандарынан келген жұмысшылардың балалары оқыды. Негізгі контингент 80-90% ауылдық жерлерден келген қыздар болды. Институттың бірінші ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Белгілі түлектер-Акуштап Бақтыгереева, Мадина Ералиева, Дина Хамзина, Маржан Арапбаева және басқалар.  

Осы институттың түлектері мен оқушыларын осы күнмен құттықтаймыз!

👥15 тамыз – екі ұлы тұлғаның туған күні.254 жыл бұрын Франция императоры Наполеон Бонапарт (1769-1821) дүниеге келді. Ол қазіргі Франция мемлекетінің негізін қалаған ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткері. Әлемдік тарихтағы көрнекті адамдардың бірі өзінің мансабын 1785 жылы екінші лейтенант шенінен бастады. Ал 1804 жылы бүкіл Еуропаны жаулап алған император атанды. Сондай-ақ 93 жыл бұрын халық композиторы және «қазақ вальсінің патшасы» Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) дүниеге келді. 70 жылдан бері оның әндерін Қазақстанның барлық әншісі мен қарапайым халқы орындап келеді. Өнер иесі Қазақстанның әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнінің авторы. 1992 жылдан бастап жыл сайын Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық байқау-фестивалі өткізіледі. Ол қазір халықаралық фестивальге айналды.  

 

Сізге Шәмші Қалдаяқовтың қандай әні ұнайды?