«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 сентября, 2024


👏15 қыркүйекте БҰҰ бастамасымен Халықаралық Демократия күні аталып өтеді. «Демократия» сөзі «халықтың билігі» деп аударылады және оған әлемдегі барлық адамның ұмтылысы мен қызығушылығы жоғары. Өйткені бұл халықтың мүддесін қорғайды. Демократияның құндылықтары — демократиялық мемлекеттердің тірегі. Бұл адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында көрсетілген.  Өткен жылы Қазақстан Буркина-Фасомен бірге демократия деңгейі бойынша елдер рейтингінде 167 елдің ішінде 127-орынға ие болды. 

👍1971 жылы 15 қыркүйекте Канадада Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымы құрылды. Әлемге әйгілі тәуелсіз ұйым ядролық сынақтарға, табиғаттың өнеркәсіп қалдықтарымен ластануына, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің және ормандардың жойылуына қарсы күреседі. Компанияның кеңселері 55 елде ашылған. Онда 3000 қызметкер жұмыс істейді. Ал бүкіл әлем бойынша белсенділер саны 3 миллионнан асады. Сонымен қатар оның ғылыми орталықтары мен флоты бар. Greenpeace жобалары көпшілікті әрдайым батыл шешімдерімен, кең ауқымымен және ең бастысы тиімділігімен таңғалдырып келеді.

Сіз Greenpeace акциялары туралы не білесіз?

 

 

💪2016 жылдың 15 қыркүйегінде қазақстандық продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбаевтың «Тараз» фильмі Лос-Анджелестегі (АҚШ) Genre Celebration Film Festival фестивалінде «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Қазақша экшн-фильмнің оқиға желісі түнгі ойын-сауық кезінде кез келген жас жігіттің бастан өткеретін өмірін көрсетті. 

 

Сізге «Тараз» фильмі ұнады ма?

 

👥15 қыркүйек — танымал екі адамның туған күні. 77 жыл бұрын қазақтың дін қайраткері, шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі (1947-2021) дүниеге келді. Ол араб тілі, Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ежелгі кезеңдері, Қазақстанның мұсылман елдерімен рухани байланыстары бойынша 400-ден астам теориялық еңбектердің авторы. Берлин университетінің кітапхана қоймасынан ол Шағатайдан Дулатидің «Джахан наме» поэмасын тауып, қазақ тіліне аударды. Ал 1988 жылы Кашмирден осы көрнекті қайраткердің қабірін тапты. Сондай – ақ бүгін ағылшын актері, продюсер және сценарист Том Харди 47 жасқа толды. Британ империясы орденінің командоры мансап жолында 50-ден астам фильмде ойнады. Олардың көпшілігі блокбастер болды.

 

Сізге Том Хардидің қандай фильмі ұнайды?