«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 Желтоқсан, 2023


🫣15 желтоқсан – Халықаралық шай күні. Ең танымал сусын шамамен 5000 жыл бұрын Қытайдың екінші императоры Шен Нунг тұсында пайда болды. Ежелгі Қытайда шай өсіру мен өндірудің құпиясын ашқан адамдар өлім жазасына кесілген. Оның бүкіл әлемге кең етек жаюы Жібек жолындағы сауданың дамуынан бастау алды. Ал Қазақстан аумағында шайдың таралуы Сақ патшайымы Томирис кезінде орын алды деген болжамдар бар. Содан бері шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орын қалыптастырды.

 

Сіз шайдың қандай түрін ұнатасыз?

👏Желтоқсан айының әр үшінші жұмасы сәтсіздікке ұшыраған адамдар күні аталып өтеді. Бұл ерекше мереке адамдарды жігерлі әрі табанды болуға шақырады. Себебі тек осы жолмен психологиялық күйзеліске тойтарыс беріп, өз қабілетіңізді ашып, жетістіктеріңізді еселей аласыз. Әрине, сәтсіздікті жеңіп шығу оңайға соқпауы мүмкін. Алайда көп тұрған су сасиды демекші, бір орында қалып қоюдан абай болған жөн. Тығырақтан шығып, жаңа деңгейге өту – тек сіздің қолыңызда. Кез келген сәтсіздік жаңа тәжірибе жинап, жеңіске жетудің бір қадамы екенін есіңізден шығармаңыз. 

💪1972 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ – ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас органы UNEP құрылды. Оның негізгі мақсаты – экожүйенің проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аударту, адамзаттың қор­шаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту. Қала берді жаһандық экологиялық бағдарламаны әзірлеу әрі оны жүзеге асыру, БҰҰ-ның басқа бөлімшелерімен әріптестік қатынастарды дамыту, сондай-ақ азаматтық қоғамның, атап айтқанда Ғылыми, Жастар және басқа да ұйымдардың экологиялық қызметіне тартуға бағытталады.

👥15 желтоқсан өмірге келген танымал актерлер. 94 жыл бұрын қазақ суретшісі әрі актриса Гүлфайрус Исмаилова (1929-2013) дүниеге келді. Ол көпшілікке «Ботагөз» және «Қыз Жібек» фильмдеріндегі басты рөлімен танымал болды. Өнер иесі Абай атындағы опера және балет театрының бас суретшісі қызметін атқарған кезде көптеген қазақ операларының декорациялары мен костюмдеріне эскиздер жасады. Қала берді Байсейітова, Нұрпейісова, Қастеев, Әуезов және Мұқановтың танымал портреттерін салды. Сонымен қатар америкалық актер және әнші Дон Джонсон 74 жасқа толды. Оған 1990 жылы түсірілген «Детектив Нэш Бриджес» сериялындағы басты рөлі үлкен танымалдылық әкелді. «Алтын глобус» сыйлығының иегері «Харли Дэвидсон и Ковбой Мальборо” “Мачете”, “Джанго освобожденный” және “Достать ножи” сияқты фильмдерде де ойнады. 1996 жылы ол Голливудтың «Даңқ аллеясында» жұлдызға ие болды.