🤩Желтоқсанның үшінші жексенбісінде энергетиктер күні тойланады. Мереке энергетикалық ресурстарды өндірумен, электр және жылу энергиясын өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне арналған. Электрлендіру бағдарламасының құрметіне орай 1966 жылдан бастап аталып өтеді. Қазақстанның заңнамалық жүйесінде Энергетиктер күні 1998 жылы ресми мәртебеге ие болды.
Егер таныстарыңыздың арасында энергетиктер болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🤗15 желтоқсан — Халықаралық шай күні. Ең танымал сусын шамамен 5000 жыл бұрын Қытайдың екінші императоры Шен Нунг тұсында пайда болды. Ежелгі Қытайда шай өсіру мен оны өндірудің құпиясын ашқан адамдар өлім жазасына кесілген. Оның бүкіл әлемге кең етек жаюы Жібек жолындағы сауданың дамуымен тікелей байланысты. Ал Қазақстан аумағында шайдың таралуы Сақ патшайымы Томирис кезінде орын алды деген болжамдар бар. Содан бері шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орын қалыптастырды.
Сіз шайдың қандай түрін ұнатасыз?
👋2022 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Ұлттық банкі TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Қазақтың ежелгі ұлттық ойындарының бірі саналатын тоғызқұмалақ UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Монеталар мынадай сипатта жасалған:
— күмістен (нүктелік алтын жалату, біржақты оксидтеу және интерференциялық кемпірқосақ жабынын қолдану технологиясымен), салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңге, тиражы 3 000 дана.
👥15 желтоқсан — қос өнер иесінің туған күні. 95 жыл бұрын қазақ суретшісі әрі актриса Гүлфайрус Исмаилова (1929-2013) дүниеге келді. Ол көпшілікке «Ботагөз» және «Қыз Жібек» фильмдеріндегі басты рөлімен танылды. Өнер иесі Абай атындағы опера және балет театрының бас суретшісі қызметін атқарған кезде көптеген қазақ операларының декорациялары мен костюмдеріне эскиздер жасады. Қала берді Байсейітова, Нұрпейісова, Қастеев, Әуезов және Мұқановтың танымал портреттерін салды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және әнші Дон Джонсон 75 жас мерейтойын атап өтеді. Оған 1990 жылы түсірілген «Детектив Нэш Бриджес» сериялындағы басты рөлі үлкен танымалдық әкелді. «Алтын глобус» сыйлығының иегері «Харли Дэвидсон и Ковбой Мальборо” “Мачете”, “Джанго освобожденный” және “Достать ножи” сияқты фильмдерде де ойнады. 1996 жылы ол Голливудтың «Даңқ аллеясында» жұлдызға ие болды.