«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 Желтоқсан, 2022


☑️15 желтоқсан – Халықаралық шай күні. Мерекені шай өндірітетін мемлекеттер ерекше атап өтеді. Нақтырақ айтсақ, Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Қытай, Вьетнам, Индонезия, Кения, Малайзия, Уганда, Танзания. 2004 жылы Мумбайда және 2005 жылы Порте Аллегреде өткен Дүниежүзілік қоғамдық форум кезінде халықаралық ұйымдар мен кәсіподақтардың көпшілігінде бірнеше мәрте талқыланғаннан кейін шай индустриясы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын әлемдік декларация қабылданды. Нәтижесінде, 15-ші желтоқсан халықаралық шай күні болып белгіленді. Шай шығыс халықтарына, соның ішінде Қытай мен Үндістанға бұдан мыңдаған жылдар бұрын белгілі болған. Шайды Еуропаға бірінші рет голландықтар әкелген. Ал XVI ғасырдың бас кезінде Ресей, Орта Азия және Моңғолия халқы достық қарым-қатынаста болған. Шай қазақтарға Ресей арқылы жеткен. Оны көшпенділердің қолдана бастауы олардың тұрмыс салтының өзгеруімен байланысты болды. Қазақстанда шайдың әрі шай ішу рәсімінің кең етек жаюы ХІХ ғасырдың екінші жартысынды орын алды.

 

Сіз қай брендті жақсы көресіз?

☑️50 жыл бұрын БҰҰ – ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы – UNEP құрылды. Бұл күн 1972 жылы 15 желтоқсан Стокгольмде өткен конференция кезінде бекітілді. Бағдарламаның штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. 

UNEP-тің негізгі міндеттері: елді мекендер мен денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар; Сонымен қатар бағдарлама үш деңгейде жұмыс істейді. Бірінші деңгейде қоршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. 

Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. 

 

Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде қандай шаралар жүзеге асуда?🤔


☑️ 1791 жылы 15 желтоқсан АҚШ Конституциясына алғашқы 10 түзету енгізіліп, “Құқықтар туралы заң» күшіне енді. Аталмыш күн – Билль құқығын бекіту күні деп те аталады. Заңда сөз бостандығы, баспа, діни тәу ету, жиындар жайлы түзетулер қарастырылды. Адам құқытары туралы бильдің ережелері көптеген мемлекеттердің конституциясына, оның ішінде Қазақстанның конституциясына да енді.

☑️15 желтоқсан өмірге келген танымал өнер адамдары. 93 жыл бұрын қазақ суретшісі және актрисасы – Гүлфайрус Исмаилова (1929-2013) дүниеге келді. Ол көпшілікке «Ботагөз» және «Қыз Жібек»фильмдерінде басты рөлді сомдау арқылы белгілі. Ысмайылова «Ер Тарғын», «Жұмбақ қыз», «Чио-Чио-Саны» операларының,  «Достық жолымен» және «Қамар сұлу” балетінің, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу” спектакльінің декорациясын әрі костюмдер эскизін жасады. Сонымен қатар Байсейітова, Нұрпейісова, Қастеев, Әуезов және Мұқановтың портреттері мен көптеген натюрморттардың авторы.

Сондай-ақ бүгін американдық актер және әнші – Дон Джонсон 73 жылдығын атап өтеді. Ол 1990 жылы “Детектив Нэш Бриджес» сериясында сомдаған басты рөлі арқылы әлемге танымал болды. Оған қоса «Харли Дэвидсон и Ковбой Мальборо» «Мачете», «Джанго освобожденный» және «Достать ножи» сияқты фильмдерінде сәтті ойнап шықты. 1996 жылы Голливудтың «Даңқ аллеясында» жұлдызға ие болды.