«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 февраля, 2024


📝 2005 жылы 16 ақпанда Киото хаттамасы күшіне енді. Бұл құжат әлем елдерінің басым бөлігі мақұлдаған алғашқы жаһандық экологиялық келісім болды. Құжатқа сәйкес, өнеркәсіптік державалар атмосфераға белгілі бір газ шығарындыларын азайтуға міндеттелді. Осы тұста экономиканың энергия тиімділігін арттырып, жаңартылатын энергия көздерін көбірек пайдалану қажет болды. Алайда Үндістан мен Қытай бұл міндеттемелерді қабылдамады. Біраз уақыттан кейін Канада хаттамадан бас тартып, Америка Құрама Штаттары қол қояды. Бірақ оны ратификациялауға келіспейді. 

🌚16 ақпан — тамақтанушылар ананас күнін атап өтеді. Ананас “жеміс пе, әлде жидек пе” деген пікірталас әлі де көпшіліктің талқысында. Шындығында, ананас — шөптесін өсімдік. Ғалымдар оған “тропикалық жеміс” деген атау берген. Бұл жеміс Бразилияның құрғақ үстірт аймақтарында пайда болған. Экзотикалық жемістің алғаш рет дәмін татқан еуропалықтар еді. Кристофер Колумб командасының мүшелері дәмі тіл үйіретін жемісті ең дәмді жемістердің қатарына қосты. Бұл тропикалық жеміс әлі күнге дейін жоғары бағаланды. Сондықтан еуропалықтар оны әлемнің ыстық жерлерінде өсіре бастады.

Сізге ананастың қай түрі ұнайды: жаңа піскен немесе консервіленген?

💡 2006 жылдың 16 ақпанында Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ақын Мұхтар Шахановтың француз тіліндегі “Шыңғыс ханның пенделік құпиясы” атты драмасының тұсаукесері өтті. Бұл кітап 10-нан астам елде басылып шыққан. Аталмыш еңбегі үшін жазушы Халықаралық Калифорния ғылым, өнеркәсіп, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалімен марапатталады. Сондай-ақ оған Рим Папасы Иоанн Павел II хат жазады. Мұнда ол поэтикалық романның гуманистік идеясын қолдағананын атап өтеді. 

👥16 ақпан өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін диалектика теориясы бойынша қазақ философтар мектебінің негізін қалаған Жабайхан Әбділдин 91 жасқа толды. Ол «Танымның әмбебап формалары мен әдістерін логикалық талдау» ғылыми жобасы бойынша ғалымдар тобының жетекшісі. Мұсылман дінінің өзекті мәселелерін талқылауға қосқан үлесі үшін ол Сауд Арабиясы королінің халықаралық сыйлығының және басқа да көптеген беделді марапаттың иегері атанды.

Сонымен қатар бүгін америкалық актер Махершала Али 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Оскар” мен Америка киноактерлері гильдиясы сыйлығын екі мәрте жеңіп алды. Қала берді BAFTA, “Алтын глобус” және Эмми сыйлығының иегері атанды. Өнер иесі мансап жолында 50-ге жуық фильмге түскен.

 

Сізге Махершала Алидің қай фильмі ұнайды?