«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 января, 2023


☑️ Бүгін жылдың ең көңілсіз күні – дүйсенбі. Британдық психологтар әзірлеген «бақыт формуласына» сәйкес, бүгінгі күннің нашар көңіл күймен өткізудің негізгі себебіне ауа райының салқындығы, Жаңа жылдан кейін жиналып қалған қарыздар және қаңтардың төленбеген коммуналдық төлемдері мен жалға алу ақысы әсер етіп жатады екен. Ал қаңтар айындағы жалақы екі аптадан кейін бірақ түседі. Осы факторлардың барлығы қаңтардың үшінші дүйсенбісін жылдың ең қайғылы жұмыс күні болуына ықпал етеді. Бірақ ғалымдар атап өткендей, өз жұмысын жақсы көретін жандар көңілсіз жұмыс істейтіндерге қарағанда «қайғылы дүйсенбіні» әлдеқайда сәтті жеңіп шығады.

Баршаңызға жақсы көңіл күйде жұмыс аптасының жақсы басталуын тілейміз!

☑️ 16 қаңтар — Халықаралық ыстық және ащы тағамдар күні. Тағамға қосатын түрлі дәмдеуішті гурмандар ғана емес, миллиардтаған адам күнделікті өмірде пайдаланып жатады. Мәселен, бұрыш, сарымсақ, карри , сондай-ақ соустардан — аджика, қыша, ошағанды атап айтуға болады. Айта кету керек, бұл тағам суық күндерге жақсы. Көңіл күйді жақсартып, күш береді. Сонымен қатар инфекциялар мен паразиттермен күресуге көмектеседі. Бұл күнді тойлаудың ең жақсы жолы — ащы тағамдарды жеу.

Қандай тағамды ең дәмді деп есептейсіз?

☑️Бүгін музыка әуесқойлары — Дүниежүзілік «The Beatles» күнін атап өтуде. 1957 жылы 16 қаңтарда әйгілі Ливерпульде Каверн клубының ашылуы өтті. Мұнда үш дос — Джон Леннон, Пол Макартни және Джордж Харрисон шығармашылығының жемісті саяхатын бастады. Кейінірек оларға команданың төртінші тұрақты мүшесі — Ринго Старр қосылды. Топ Грэмми сыйлығын он мәрте жеңіп алды. Ал Rolling Stone журналы The Beatles-ті барлық уақыттағы ең ұлы орындаушылар тізімінде бірінші орынға қойды. Төртеуінің де елге сіңірген еңбегі ескеріліп, Британ империясының орденімен марапатталды.

Ал сіздің Көктөбеде The Beatles тобымен түскен суретіңіз бар ма?

☑️ 16 қаңтар коньки әуесқойлары — Мұз жасаушылар күнін атап өтеді. Бұл үлкен ареналарға, балаларға арналған аулаға, шағын мұз айдындарына мұз құйған адамдардың кәсіби мерекесі. Олардың жұмысы көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Бірақ кез келген жан мұз үстінде құштарлана коньки тебу үшін мұз сапасының тегіс әрі біркелкі болуы өте маңызды. Аталмыш күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1901 жылы осы күні американдық инженер Фрэнк Замбони дүниеге келді. Ол — мұз айдындарындағы мұзды қалпына келтіруге арналған мұз жинағышты ойлап тапты. Осылайша өнертабысқа жаңашылдық енгізді.

Коньки тепкенді ұнатасыз ба?