👏Қарашаның үшінші бейсенбісі халықаралық темекіден бас тарту күні аталып өтеді. Қазақстанда 2,8 млн-ға жуық адам темекі шегеді. Оның салдарынан жыл сайын 18 мың адам қаза табады. Әлемдегі мәліметтерге сүйенсек, темекі шегудің кесірінен 90% адам өкпенің қатерлі ісігіне, ал 75%-ы созылмалы бронхит ауруына шалдығады. Ал ғаламшарда әр он секунд сайын бір адам қайтыс болады. Бұл күннің мақсаты — темекіге тәуелділікті азайтып, халық арасында темекі шегуге қарсы күрес жүргізу және темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.
Сізге жаныңыздағы адамның темекі шеккені ұнай ма?)
💡Сондай-ақ қарашаның үшінші бейсенбісінде UNESCO бастамасымен дүниежүзілік философия күні аталып өтеді. Қазіргі қоғамға философия ауадай қажет. Өйткені адамдар белгілі бір құндылықтарды басшылыққа ала отырып өмір сүреді. Ал данышпандардың ойы мен нақыл сөздері аталмыш құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Нақтырақ айтсақ, өмір заңдылықтарымен, қоғамның құрылымымен таныстырады, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік ашады, ақыл-ойының дамуына бағыт көрсетеді.
Қазақ философтарынан кімді білесіз?
👀16 қараша — Халықаралық анорексиямен күрес күні. Қыздар мен әйелдер қауымы сыртқы келбетін заманауи сұлулық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында тұтынатын тағам мөлшерін азайтады немесе тамақтануды мүлдем тоқтатады. Ал бұл үлкен проблемаларға әкеледі. Мәселен, салмақ тастау, тамақтану тәртібінің бұзылуы, көздің шөгуі, есінен тану, терінің құрғауы, тырнақтар мен шаштың сынғыштығы, тіпті инфаркттан болатын өлім туындайды. Анорексияны жеңген атақты адамдар арасында Анджелина Джоли, Леди Гага және Виктория Бекхэмді атап өтуге болады.
Диета ұстанғанда абай болыңыз!
👥16 қараша өмірге келген танымал ер адамдар. Бүгін Mario, Donkey Kong және басқа да танымал бейне ойындардың авторы Сигэру Миямото 71 жасқа толды. 28 жасында ол Nintendo компаниясына суретші болып жұмысқа орналасады. Мұнда ақыл-ойының арқасында компанияның бас менеджері қызметіне дейін көтеріледі. Миямото ойын индустриясындағы ең ықпалды адамдар тізімінде және оның есімі компьютерлік ойындардың “Даңқ” залында орналасқан. Көпшіліктің айтуынша, ол — қарапайым адам. Тіпті жұмысқа велосипедпен баратын көрінеді. Сондай – ақ бүгін Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі Серік Сәпиев 40 жас мерейтойын атап өтеді. Серік 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанды. Оған Вэла Баркер кубогы үздік техникалық боксшы ретінде берілді. Спортшы екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионаттарының күміс-қола жүлдегері және Азия ойындарының жеңімпазы. Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Серік саясатқа ауысты. 2021 жылы оның құрметіне «Боксшы» фильмі жарыққа шықты.
Сіздің сүйікті боксшыңыз кім?