👏Бүгін – Панфиловшы батырлардың ерлігіне арналған күн. 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуді фашистік басқыншылардан қорғау кезінде генерал Панфиловтың қазақстандық дивизиясынан шыққан 28 жауынгері жанкешті ерлік көрсетті. Олар жиырмаға жуық танкті жойып, немістердің шабуылына тойтарыс берді. Мәскеу түбіндегі шайқастарда басқа да батырлықтың үлгісі көрініс тапқанымен, тарихта дәл осы панфиловшылар ерлігі ерекше орын алады. Бұл соғыс жылдарында халыққа жігер сыйлап, аңызға айналды. Дивизия құрамының 40%-ы қазақтардан, 30%-ы орыстардан құралды, ал қалған 30%-ы Қазақстанда өмір сүрген 26 ұлт өкілінен еді. Оның қатарында белгілі қазақтар – Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин және басқа да батырлар болды.
Батырларға мәңгілік даңқ!
🗣16 қараша — Халықаралық анорексиямен күрес күні. Қыздар мен әйелдер қауымы сыртқы келбетін заманауи сұлулық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында тұтынатын тағам мөлшерін азайтады немесе тамақтануды мүлдем бас тартады. Ал бұл үлкен мәселеге жол ашады. Мәселен, салмақ тастау, тамақтану тәртібінің бұзылуы, көздің шөгуі, есінен тану, терінің құрғауы, тырнақтар мен шаштың сынғыштығы, тіпті инфаркттан болатын өлім туындайды. Анорексияны жеңген атақты адамдар арасында Анджелина Джоли, Леди Гага және Виктория Бекхэмді атап өтуге болады.
Диета ұстанғанда абай болыңыз!
💪16 қараша – Дүниежүзілік қолөнер күні. 1975 жылы ЮНЕСКО қолөнерді материалдық емес мәдени мұра қатарына қосты. Тарих беттеріне сүйенсек, қолөнердің ұмыт қалған сәттері мен қайта жаңғырған кезеңдері қатар жүрді. Дегенмен ол үнемі сән әлеміне қайта оралып отырды. Бүгінде қолдан жасалған әшекей-бұйымдар, тоқыма киімдер және басқа да hand made бұйымдар ерекше танымалдыққа ие.
Қазіргі таңда шеберлер сұраныста болуы үшін көне әдістер мен заманауи техникаларды қатар қолдана білуі қажет.
👥16 қарашада өмірге келген танымал ер адамдар. Бүгін Mario, Donkey Kong және басқа да танымал бейне ойындардың авторы Сигэру Миямото 72 жасқа толды. 28 жасында ол Nintendo компаниясына суретші болып жұмысқа орналасады. Мұнда ақыл-ойының арқасында компанияның бас менеджері қызметіне дейін көтеріледі. Миямото ойын индустриясындағы ең ықпалды адамдар тізімінде және оның есімі компьютерлік ойындардың “Даңқ” залында орналасқан. Көпшіліктің айтуынша, ол — қарапайым адам. Тіпті жұмысқа велосипедпен баратын көрінеді. Сондай – ақ бүгін Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі Серік Сәпиев 41 жасын атап өтеді. Серік 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанды. Оған Вэла Баркер кубогы үздік техникалық боксшы ретінде берілді. Спортшы екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионаттарының күміс-қола жүлдегері және Азия ойындарының жеңімпазы. Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Серік саясатқа ауысты. 2021 жылы оның құрметіне «Боксшы» фильмі жарыққа шықты.
Сіздің сүйікті боксшыңыз кім?
#күнтізбе #16қараша