«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 октября, 2024


🥖16 қазанда Дүниежүзілік нан күні аталып өтеді. Әлем халқы нанға әрқашан сыйластық танытып, ұқыппен қарады. Ол дастархан төрінен құрметті орнынға қойылды. Нан — өмірдің негізгі белгісі және солай болып қала береді. Әр адам өмір бойы орта есеппен 7 тоннаға жуық нан мен 35 мыңға жуық нан өнімдерін тұтынады. Бүгінгі күн – нан өндірумен айналысатын мамандардың кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен қатар әлемдегі аштық, кедейлік және тамақтану мәселелеріне қоғамның назарын аударудың тағы бір себебі. Сондай-ақ бүгін дүниежүзілік азық-түлік және дұрыс тамақтану күні де тойлануда.

Сіз нанның қай түрін жақсы көресіз?

 


 

👀16 қазанда аллергологтар күні аталып өтеді. Ежелгі дәуірде ғалымдар кейбір аурулардың маусымдық екеніне назар аударған. Мәселен, Ибн Сина “көктемде мұрын біту” ауруының себебін анықтады. Ол науқастарының жылдың осы уақытында кейбір өсімдіктердің гүлденуіне реакциясын байқады. Бүгінде әлемде аллергиялық реакцияға бейім адамдар саны өсуде. Жер шарының әрбір бесінші тұрғыны аллергияға бейім. Оның 4 миллионға жуығы қазақстандықтар. Сондықтан қазіргі таңда аллергологтардың маңызы зор әрі олардың қызметтері ерекше сұранысқа ие болуда. 

Егер таныстарыңыздың арасында аллерголог дәрігерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

 

👤16 қазанда ерекше мереке басшылар күні аталып өтеді. Бұл — әлемдегі жетекшілердің халықаралық кәсіби мерекесі. Аталмыш күні басшылықтың жай ғана қызмет емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық екенін еске түсірген жөн. Себебі олар демалыссыз жұмыс істеп, әр қадам мен әр сөзге, оған бағынатын адамдардың әл-ауқаты үшін жауапкершілік арқалайды. Сондықтан бастық ең алдымен адам екенін жадымызда ұстанайық.

 

Бүгін басшыңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

 

👥16 қазан — екі шығармашылық адамның туған күні. 170 жыл бұрын ирландиялық жазушы әрі ақын, «Дориан Грейдің портреті» романының авторы Оскар Уайлд (1854-1900) дүниеге келді. Ең танымал драматургтердің бірі Еуропалық модернизмнің негізгі тұлғасына айналды. Оның құрметіне орай көптеген кітап жазылып, фильмдер түсірілді және музыкалық шығармалар орындалды. Сондай-ақ бүгін қазақ ақыны, жазушы, режиссер, сценарист және актер Баянғали Әлімжанов 70 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 23 томға жиналған 60-тан астам кітап жазды. Өнер иесі «Манас» қырғыз эпосының Қазақстандағы жалғыз баяндаушысы. Көптеген танымал әндердің авторы жиырмадан астам театр пьесаларын жазды. Сонымегюн қатар бірнеше фильмдерде жазушы, режиссер, бас актер ретінде өнер көрсетті. Актер — Нұрлан Әлімжанның әкесі.