«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 Мамыр, 2023


📣1907 жылы 16 мамырда депутат Бақытжан Қаратаев Думада сөйлеген сөзінде Ресей империясының Қазақстан жеріне қоныстандыру саясаты туралы мәселені бірінші болып көтерді. Бақытжан Қаратаев (1863-1934) – қазақтың тұңғыш заңгері. Сонымен қатар ол хат-хабарларды талдау, анықтау, ар-ождан бостандығы мен аграрлық комиссияның мүшесі болып қызмет етті. Ол алғаш болып аграрлық және ұлттық мәселелерді көтеріп, Ресей үкіметінің орыс және украин шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру жөніндегі халыққа қарсы жоспарын көрсетті. 

☀️Бүгін ЮНЕСКО бастамасымен жер бетінде барлық тіршілік иесі үшін маңызды – Халықаралық жарық күні атылып өтеді. Күн сәулесі егіннің өнімділігіне, климат пен жыл мезгілдерінің ауысуына, табиғат құбылыстарының орын алуына, иммунитетті сақтауға қажет Д витаминінің түзілуіне, адамның жан тыныштығына әсер етеді. 1960 жылы 16 мамырда инженер Теодор Майман жарықтың мүмкіндіктерін зерттеп, лазерді ойлап тапты. Сонымен қатар жарық патогендік бактерияларды жояды. Оны дәрігерлер ультракүлгін шамдарда қолданады. 

🫂16 мамыр қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 88 жыл бұрын ақын, филолог, фольклортанушы Оразақын Асқар (1935-2019) дүниеге келді. Ол халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. Сонымен қатар «Тұңғыш», «Мейірім», «Белжайлау», «Балқарағай», «Өркеш», «Орбұлақ», «Күнгей», «Тәуелсіздік тартулары» жыр жинақтарының авторы. Ұзақ жылдар халық ауыз әдебиетін жинап, 20 мың жолдан тұратын екі кітап шығарды. Ал 87 жыл бұрын балалар жазушысы Мұхамеджан Етекбаев (1936-1998) дүниеге келді. Ол балаларға арналған 20 кітаптың авторы. Атап айтатын болсақ, «Алтын мүйізді киік», «Қысық бұтақ», «Қызыл ала автобус», «Болатбек», «Жапалақ туралы ертедегі», «Алатау ертегісі», «Жамбылдың мұражайы үйі», «Айтолқын», « Қара жартас хикаясы» және т.б. 

Сізге Асқар мен Етекбаевтың қандай шығармалары ұнайды?

🎬16 мамыр өмірге келген кино жұлдыздары. Бүгін ирландиялық актер әрі продюсер Пирс Броснан 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол Британ империясының құрметті офицері Джеймс Бонд туралы төрт фильмде ойнады. Өнер иесі екі мәрте әлемдегі ең сымбатты адам деп танылды. Сонымен қатар 1986 жылы 16 мамырда американдық актриса және модель Меган Фокс дүниеге келді. Ол «Трансформерлер» және «Ниндзя – тасбақалар» фильміндеріндегі басты рөлімен танымал. Актриса бірнеше рет пластикалық хирургтарға жүгінгенін жасырмайды. Алайда оны журналдар әлі күнге дейін әлемдегі ең тартымды әйелдер тізіміне енгізеді.

 

Сізге кім ұнайды: Пирс Броснан немесе Меган Фокс?