«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 Маусым, 2023


💰16 маусым Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық отбасылық ақша аударымы күні ретінде аталып өтеді. Әлемде отбасына көмектесу үшін басқа елдерге жұмыс істеуге баратын еңбек мигранттарының саны 200 миллионнан асады. Олардың ай сайынғы аударымы 200-300 долларды құрайды. Өткен жылы Қазақстанға 678,4 млрд теңге түсті. Ақша аударымы негізінен Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және АҚШ елдерінен жүзеге асады. Ал Қазақстаннан 1,8 трлн теңге Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қырғызстанға жіберілген. 

Сіз ақша аудару жүйесін пайдаланасыз ба? 

🐢16 маусым жануар құқығын қорғаушылар дүниежүзілік теңіз тасбақалары күнін атап өтеді. Бұл таңғажайып тіршілік иелері су астында бес сағатқа дейін демін ұстай алады. Сонымен қатар олар шамамен 100 жыл өмір сүреді. Көптеген тасбақа медузалармен қоректенеді және оны компас ретінде пайдаланып, Жердің магнит өрісін анықтай алады. Бұл күн қоғамды осы жануарлардың проблемаларына назар аударуға шақырады.  Өйткені адамдардың әрекетінен өткен ғасырда тасбақалар саны 80%-ға  азайған. 

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

🛍Сонымен қатар бүгін өте қызықты екі сәйкестік бар. 1903 жылы 16 маусымда АҚШ-та әлемге әйгілі болған екі бренд пайда болды. Аталмыш күні Генри Форд Детройт қаласында The ​​Ford Motor Company компаниясын құрды. Ол бизнесін бар болғаны 28 000 доллармен бастады. Форд автоқұрастыру желісін қолданатын әлемдегі алғашқы компания ретінде танымал болды. Осы күні Pepsi-Cola маркасы да сауда нарығын ресми түрде тіркелді. Пепсиді алғаш рет 1893 жылы дәріханашы Калеб Брэдхэм «Бред сусыны» ретінде енгізді. Ал 5 жылдан кейін атауы «Pepsi-Cola» деп өзгертілді. «Пепсис» сөзі грек тілінен аударғанда ас қорыту деген мағынаны білдіреді. Сондықтан сусын ас қорытуды емдейтін дәрі ретінде сатылды. 1961 жылы бұл атау Pepsi болып қысқартылды. Ал қазіргі таңда бұл сусын Coca Cola-ның негізгі бәсекелесі . 

Сізге қай сусын ұнайды: Pepsi немесе Coca Cola?

🫂Бүгін – танымал қос тұлғаның туған күні. 86 жыл бұрын қазақ геологиялық барлауының негізін салушы Орал Ақшолақов (1936-2023) дүниеге келді. Ол Қазақстан мұнай энциклопедиясының және 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар қазақтың көптеген мұнай-газ кен орындарының бастаушысы. Бүгін 350 фильмге түскен үнді актері Митхун Чакраборти 73 жасқа толды. Өнер иесі көпшілікке “Диско бишісі” және “Биле,биле” музыкалық мелодрамаларындағы рөлімен танымал. Оның «Джими-Джими Ача-Ача» әні 80-ші жылдары супер хит болды және бүгінгі күнге дейін көптеген жерде дәстүрлі ойын түрінде ойнатылады. Ол Алматыда «Азия дауысы» фестиваліне қонақ ретінде шақырылып, өнер көрсетті.

Митхун Чакрабортидің қай фильмдерін тамашаладыңыз?