«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 июня, 2024


🐏Құрбан айт — барлық мұсылман халқының айтулы мерекесі. Бұл күні әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, ізгі амалдар жасайды. Нақтырақ айтсақ, адамның Аллаға рухани бет бұруын айшықтайды. Қасиетті мерекенің тарихы Ибраһим пайғамбармен байланысты. Бұл туралы Құран Кәрімде баяндалған. Бірде түсінде бір періште пайғамбарға келіп, Алланың қалауымен Ибраһим өз ұлын құрбандыққа шалу қажет екенін айтады. Пайғамбар бұйрықты орындап, баланы пышақпен бауыздауға дайын болады. Осы сәтте Алла Тағала суық қарудың бейкүнә балаға зиянын тигізбеуін қадағалайды. Бұл сынақты Аллаһ Ибраһимнің иманын сынау үшін жіберген еді. Осылайша сынақтың сыйы ретінде пайғамбарға ұлының орнына құрбандыққа шалуға болатын қойды көрсетеді.

Баршаңызға ұлық мереке — Құрбан айт мейрамы құтты болсын!


💐16 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық отбасылық ақша аударымы күні аталып өтеді. Әлемде отбасының қамымен басқа елде  жұмыс істеп, бас сауғалап жүрген еңбек мигранттарының саны 200 миллионнан асады. Олардың ай сайынғы аударымы 200-300 долларды құрайды. 2023 жылы Қазақстанға 305 млрд теңге түсті. Ақша аударымы негізінен Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және АҚШ елдерінен жүзеге асады. Ал Қазақстаннан Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қырғызстанға  961 млрд теңге жіберілген. 

Сіз ақша аудару жүйесін пайдаланасыз ба? 

🕊Сонымен қатар бүгін қызықты екі сәйкестік күні. 1903 жылы 16 маусымда АҚШ-та әлемге әйгілі болған екі бренд пайда болды. Аталмыш күні Генри Форд Детройт қаласында The ​​Ford Motor Company компаниясын құрды. Ол бизнесін бар болғаны 28 000 доллармен бастады. Форд автоқұрастыру желісін қолданатын әлемдегі алғашқы компания ретінде танымал болды. Осы күні Pepsi-Cola маркасы да сауда нарығын ресми түрде тіркелді. Пепсиді алғаш рет 1893 жылы дәріханашы Калеб Брэдхэм “Бред сусыны” ретінде енгізді. Ал 5 жылдан кейін атауы “Pepsi-Colа” деп өзгертілді. “Пепсис” сөзі грек тілінен аударғанда ас қорыту деген мағынаны білдіреді. Сондықтан сусын ас қорытуды емдейтін дәрі ретінде сатылды. 1961 жылы бұл атау Pepsi болып қысқартылды. Ал қазіргі таңда бұл сусын Coca Cola-ның негізгі бәсекелесі . 

Сізге қай сусын ұнайды: Pepsi немесе Coca Cola?

 

👥Бүгін — танымал қос тұлғаның туған күні. 88 жыл бұрын қазақ геологиялық барлауының негізін салушы Орал Ақшолақов (1936-2023) дүниеге келді. Ол Қазақстан мұнай энциклопедиясының және 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар қазақтың көптеген мұнай-газ кен орындарының бастаушысы. Бүгін 350 фильмге түскен үнді актері Митхун Чакраборти 74 жасқа толды. Өнер иесі көпшілікке “Дискотека” және “Би” музыкалық мелодрамаларындағы рөлімен танымал. Оның “Джими-Джими Ача-Ача” әні 80-ші жылдары супер хит болды және бүгінгі күнге дейін көптеген жерде дәстүрлі ойын түрінде ойнатылады. Ол Алматыда “Азия дауысы” фестиваліне қонақ ретінде шақырылып, өнер көрсетті.

Митхун Чакрабортидің қай фильмдерін тамашаладыңыз?