«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 Наурыз, 2023


👤Бүгін – Қазақстан Республикалық  ұлан гвардиясының құрылған күні. 1992 жылы 16 наурызда құрылған әскери құрама еліміздің басты белгісі деп аталады. Олар мемлекет басшысының және жоғарғы билік органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдерге қатысады. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба эталондарының құрметті қарауыл сапында тұрады, ерекше маңызды объектілерді күзетеді әрі төтенше жағдайларға қатысады. Гвардияға қабылданатын үміткерлерді алдын ала таңдап алады. Міндетті талаптардың қатарында – бойы 178 сантиметрден кем емес және орта білімді болуы шарт. Әскерге шақырылған азаматтың отбасы толық болуы керек. 

Егер Республикалық ұланда қызмет ететін таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!🎗

✍️16 наурыз сурет салуды ұнататындар – Түрлі-түсті қарындаш күнін атап өтеді. Графит негіздегі қарындаштар ХVII ғасырда, ал түрлі-түсті қарындаштар кейінірек пайда болды. Бастапқыда олар объектілерді белгілеу үшін утилитарлық мақсатта пайдаланды. ХХ ғасырдың басында түрлі-түсті қарындаштар көркем шығармашылық таптырмас құрал болды. Бүгінде балаларға арналған сурет сабақтары, арт-терапия мен ересектерге арналған психологиялық оңалту курстары осы қарындаштар көмегімен жүзеге асады.

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер бар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🎨

👁Бүгін әйелдер қауымы – тушь күнін атап өтеді. 1917 жылы 16 наурызда Maybelline компаниясы жаңа косметикалық өнімдердің бірі – тушьты ойлап тапты. Компанияның негізін қалаушы, Нью-Йорктік фармацевт – Т.Л. Уильямс компаниясына кіші әпкесі Мэйбельдің есімін берді. Кірпіктерін қоюлатып, оларға вазелин мен көмір шаңының қоспасын жағып, оны тушь жасауға шабыттандырды. 

 

Сізге қандай тушь ұнайды?👀

📚1831 жылы 16 наурыз – Парижде Виктор Гюгоның Нотр-Дам соборы жарық көрді. Бұл француз тіліндегі алғашқы тарихи роман, француз романтизмінің ең әйгілі шығармасы болды. Квазимодо мен Эсмеральданың хикаясы қазір бүкіл әлемге белгілі. Олар туралы фильмдер түсіріліп, театрларда пьесалар қойылып, ән шырқалады. Сіз аталмыш романды оқып, таңғажайып оқиғаны білесіз деген үміттеміз.