«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 июля, 2023


⚡️Шілде айының әрбір үшінші жексенбісінде металлургтер күні тойланады. Бұл мереке Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да осы сала басым облыстарда ерекше аталып өтеді. Нақтырақ айтсақ, болат балқытушылар, мартеншілер, доменшілер, қалыптаушылар, прокатшылар, темір ұсталары, ғылыми қызметкерлер және металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтін барлық мамандардың кәсіби мерекесі. 

 

Егер таныс металлургтерді білсеңіз, кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

⭐️16 шілде — Дүниежүзілік жылан күні. Бұл бауырмен жорғалаушылар дәстүрлі түрде даналық пен өлместіктің символы болып саналады. Олар жерде 167 миллион жылдан бұрын өмір сүрген. Бүгінгі таңда жыландардың 3200-ден астам түрі белгілі. Оның 21-і Қазақстанда мекендейді. Сыртқы келбетіне қарамастан, олар тіршілік ету ортасының экожүйесінде маңызды рөл атқарады. Құстардың, егеуқұйрықтар мен тышқандардың популяциясын бақылайды. Жыланның уы медицинада және косметологияда қолданылады. Ал терісін сөмке мен белдік тігуге пайдаланады. Тіпті кейбір халық жылан етін жейді.

 

Сіз жыландардан қорқасыз ба?

💫16 шілдеде гурмандар дәмді тағам күнін атап өтеді. Бұл мерекенің тарихы —  белгісіз. Бірақ бәріміз білетіндей, ешкім дәмді тағамнан бас тартпайды. Өйткені бүкіл әлемде адамдар тамақтануды жақсы көреді. Ұзақ өмір сүріп, денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану қажет. Сонымен қатар тамақтан ләззат алу арқылы ғана адам өміріне риза бола алады. Ал оң көзқарас денсаулық үшін өте маңызды.

 

Сіздің сүйікті тағамыңыз қандай?

👥16 шілде өмірге келгег атақты тұлғалар. 151 жыл бұрын норвегиялық поляр зертртеушісі Руаль Амундсен (1872-1928) дүниеге келді. Ол Оңтүстік полюске жеткен және Жердің екі географиялық полюсіне барған алғашқы адам. Сондай-ақ бүгін қазақстандық әнші әрі тележүргізуші Тамара Асар 47 жасқа толды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа мен Азияның үлкен сахналарында өнер көрсетті. Өнер иесі көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері. Сонымен қатар психология ғылымдарының докторы деген атағы бар.

 

Сізге Тамараның қай әні ұнайды?