🗣2011 жылдың 16 шілдесінде “Байқоңыр” ғарыш айлағынан Қазақстанда үздіксіз спутниктік байланыс пен телерадио хабарларын таратуға арналған қазақстандық “KazSat-2” байланыс және хабар тарату спутнигі сәтті ұшырылды. Спутниктің қызмет көрсету аймағына Қазақстан аумағы, Орта Азия елдері және Ресейдің орталық бөлігі кіреді. Қазақстан үшін шетелдік байланыс спутниктерін жалға алу өте қымбат болды. “KazSat-2” ақпараттық қызмет көрсету аясын кеңейтіп, электронды үкімет, интернет және ұялы байланыс жұмысын ілгерілете алды. Қазақстан алты жерсерігі бойынша әлемде 30-шы орында тұр. Бізде екі “KazSat” байланыс және хабар тарату спутнигі, Жерді қашықтықтан зондтауға арналған екі “KazEOSat” және ғылыми-техникалық мақсаттағы екі “KazSTSat” жерсерігі бар.
🐍16 шілде — Дүниежүзілік жылан күні. Бұл бауырмен жорғалаушылар дәстүрлі түрде даналық пен өлместіктің символы ретінде белгілі. Олар жерде 167 миллион жылдан бері өмір сүріп келеді. Бүгінгі таңда жыландардың 3200-ден астам түрі белгілі. Оның 21-і Қазақстанда мекендейді. Сыртқы келбетіне қарамастан, олар тіршілік ету ортасының экожүйесінде маңызды рөл атқарады. Құстардың, егеуқұйрықтар мен тышқандардың популяциясын бақылайды. Жыланның уы медицинада және косметологияда қолданылады. Ал терісін сөмке мен белдік тігуге пайдаланады. Тіпті кейбір халықтар жылан етін жейді.
Сіз жыланнан қорқасыз ба?
👍16 шілдеде гурмандар дәмді тағам күнін атап өтеді. Бұл мерекенің тарихы — белгісіз. Бірақ бәріміз білетіндей, ешбір адам дәмді тағамнан бас тартпайды. Өйткені бүкіл әлем халқы тамақтануды жақсы көреді. Ұзақ өмір сүріп, денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану қажет. Сонымен қатар тамақтан ләззат алу арқылы ғана адам өміріне риза бола алады. Ал оң көзқарас денсаулық үшін өте маңызды.
Сіздің сүйікті тағамыңыз қандай?
🔥16 шілдеде өмірге келген атақты тұлғалар. 152 жыл бұрын норвегиялық поляр зертртеушісі Руаль Амундсен (1872-1928) дүниеге келді. Ол Оңтүстік полюске жеткен және Жердің екі географиялық полюсіне барған алғашқы адам. Сондай-ақ бүгін қазақстандық әнші әрі тележүргізуші Тамара Асар 48 жасқа толды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа мен Азияның үлкен сахналарында өнер көрсетті. Өнер иесі көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері. Сонымен қатар психология ғылымдарының докторы деген атағы бар.
Сізге Тамараның қай әні ұнайды?