«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 Тамыз, 2023


👀1989 жылы 16 тамызда Абай облысының Қарауыл ауылында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған митинг-наразылық өтті. Онда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеуінің мәтіні оқылды. 1949-1989 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық жарылыс болды. Ал «Невада-Семей» қозғалысының күш-жігерінің арқасында 1991 жылы ол жабылды. Радиациядан қанша адам зардап шеккені әлі белгісіз.

📚2014 жылдың 16 тамызында Алматыда Қазақстан тарихындағы алғашқы «KitapFest» кітап фестивалі өтті. Фестивальде 10 баспа және 5 ірі сауда компаниялары өз өнімдерін ұсынды. Осы тұста, Орталық кітапхана кітап алмасу шарасын жүргізді. Сондай-ақ жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен зияткерлік деңгейін арттыру мақсатында барлық ниет білдірушіге тегін таратты. Қазіргі таңда фестиваль кеңінен танылуда. Яғни, жыл сайын қала күніне орай ұйымдастырылып отырады.

 

Біздің жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыз! Себебі алдағы уақытта KitapFest фестифалі биыл қайда және қашан өтетінін жариялайтын боламыз.

🍮16 тамыз тәтті әуесқойлары таңқурай тосабы күнін атап өтеді. Хош иісті және дәмді жемістерден жасалған тосап мәзірі Ежелгі Греция дәуірінің дереккөздерінде айтылған. Таңқурай тосабы суыққа қарсы ең жақсы өнім. Оның құрамында Е, А, В2 дәрумендері, темір, мыс және басқа да микроэлементтер, талшықтар, көмірсулар бар. Жидектер 22 % майдан тұрады. Сондықтан олар көп жағдайда косметика жасау үшін қолданылады.

 

Сізге тосаптың қай түрі ұнайды: таңқурай немесе құлпынай?

👏16 тамыз өмірге келген шығармашылық тұлғалар. 69 жыл бұрын канадалық кинорежиссер, Оскар сыйлығының және басқа да беделді марапаттардың иегері Джеймс Кэмерон дүниеге келді. Оның фильмдері әлем бойынша 8 миллиард доллар қаражат жинады. Ал Аватар мен Титаник барлық уақыттың алғашқы және үшінші кассалық фильмдері. Сондай-ақ бүгін поп – музыка ханшайымы, әнші Мадонна 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол «Гиннестің рекордтар кітабына» сәйкес тарихтағы ең коммерциялық табысты орындаушы.  Оның әндері бірнеше әлемдік рекорд орнатты. Американдық компаниялар қауымдастығы оны ХХ ғасырдың ең көп сатылатын рок-орындаушысы деп атады.

 

Мадоннаның қай әні сізге ұнайды?