«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 сентября, 2023


👏Бүгін «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтуде. Қыркүйектің үшінші сенбісінде әлемнің 130 еліндегі миллиондаған адам жыл сайын өз қалалары мен табиғатын қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Биыл Қазақстан да “жасыл” экономика қағидатын жүзеге асыратын жаһандық экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде осы акцияға қосылды. Биылғы жылы бұл акция озон қабатын қорғаудың халықаралық күнімен тұспа-тұс келді. Оның мақсаты елдерді парниктік газ шығындарын азайтуға шақырады.

 

Сіз осындай экологиялық бастамаларды қолдайсыз ба?

🧃Қыркүйектің үшінші сенбісі — Халықаралық шырын күні. Сарапшылар шырындар витаминдер мен өмірлік маңызды микроэлементтердің ең жақсы табиғи көздерінің бірі екенін атап өтті. Әсіресе қыс және көктем мезгілінде витамин жетіспеушілігенен алдын алу үшін өте пайдалы. ДДҰ иммундық жүйені нығайту үшін күніне 0,4 кг жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеуге кеңес береді. Оның үстіне бұл соманың 20%-ын шырындармен алмастыруға болады.

 

Сізге шырынның қай түрі ұнайды? 

 

🌚Бүгін әйгілі Шекспир кейіпкері Джульеттаның туған күні. Тарихшылар трагедияның барлық оқиғаларын мұқият салыстырып, табылған фактілерге сүйене отырып, оның нақты туған күнін — 1284 жылдың 16 қыркүйегі деп белгіледі. Мереке Италияның Верона қаласында аталып өтеді. «Ромео мен Джульетта» трагедиясында сипатталған оқиғаларға сәйкес, басты кейіпкер – 14 жасқа толмаған қыз. Веронаға әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға жазылған хаттар әлі де келеді. Онда адамдар қиын махаббат жағдайында кеңес беруін сұрайды. Бұл хаттарға Джульетта клубының ерікті қыздары жауап береді.  

 

Сіз Джульеттаға хат жазып көрдіңіз бе?

👥16 қыркүйек өмірге келген тарымал ер адамдар. Бүгін американдық актер және сценарист, кәсіби боксшы Микки Рурк 71 жасқа толды. Өнер иесі “Алтын глобус” сыйлығының лауреаты әрі BAFTA 70-тен астам фильмдерімен танымал. Жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы ретінде Микки 8 жекпе-жек өткізді. Оның алтауы жеңіс болса, екеуі тең түсті.  Сондай-ақ бүгін аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол 2006 жылы Испаниядағы беделді Вуэльта веложарысының жеңімпазы және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. «Astana Pro Team» велокомандасының бас менеджері қазір триатлонмен белсенді айналысады. Осыдан бір апта бұрын Ironman әлем чемпионатында жеңіске жетті.

 

Туған күн иелеріне денсаулық және кәсіби табыс тілейміз!