😁Бүгін — Халықаралық озон қабатын қорғау күні. 1987 жылы 16 қыркүйекте 36 мемлекет озон қабатына зия келтіретін заттардың өндірісін шектейтін құжатқа қол қойды. Озон қабаты — жерді күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғап тұратын қалқан. Сол арқылы ол ғаламшардағы тіршілікті сақтауға көмектеседі. Халықаралық озон күнінің ұраны – “Аспанды сақта: өзіңді қорға – озон қабатын қорға”. 2016 жылы елдер климаттың өзгеруімен күрес жүргізуі үшін Париж келісіміне қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға азайтуға ниет білдіріп отыр. Осы тұста “Жасыл Қазақстан” ұлттық жобасы іске қосылды.
👏1976 жылы 16 қыркүйекте Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы алғашқы келушілерін қабылдады. Қазіргі уақытта бұл танымдық орын еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет мұражайы. Мұнда бейнеленген алуан түрлі, баға жетпес жинақтар Қазақстанның, Еуропа мен Азия елдерінің көркем мәдениетінен, өткен дәуірлер мен қазіргі заманның шеберлері туралы жарқын түсінік береді. Мұражайдың негізгі қорындағы жәдігерлер саны 25 мыңнан астам бірлікті құрайды.
Қастеев мұражайына бардыңыз ба?
💪Бүгін әйгілі Шекспирдің ең қайғылы шығармасының кейіпкері Джульеттаның туған күні. Тарихшылар трагедияның барлық оқиғаларын мұқият салыстырып, табылған дәлелдерге сүйене отырып, оның нақты туған күнін 1284 жылдың 16 қыркүйегі деп белгіледі. Мереке Италияның Верона қаласында аталып өтеді. «Ромео мен Джульетта» трагедиясында сипатталған оқиғаларға сәйкес, басты кейіпкер – 14 жасқа толмаған қыз. Веронаға әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға арнап жазған хаттар келіп тұрады. Онда махаббаттың отына күйіп жүрген адамдар кейіпкерден кеңес беруін сұрайды. Бұл хаттарға Джульетта клубының ерікті қыздары жауап береді.
Сіз Джульеттаға хат жазып көрдіңіз бе?
👥16 қыркүйекте өмірге келген танымал ер адамдар. Бүгін америкалық актер әрі сценарист, кәсіби боксшы Микки Рурк 72 жасқа толды. Өнер иесі “Алтын глобус” сыйлығының лауреаты әрі BAFTA 70-тен астам фильмдерімен танымал. Жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы ретінде Микки 8 жекпе-жек өткізді. Оның алтауы жеңіс болса, екеуі тең түсті. Сондай-ақ бүгін аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров 51 жасын атап өтеді. Ол 2006 жылы Испаниядағы беделді Вуэльта веложарысының жеңімпазы және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. «Astana Pro Team» велокомандасының бас менеджері қазір триатлонмен белсенді айналысады. Осыдан бір апта бұрын Ironman әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Туған күн иелеріне денсаулық және кәсіби табыс тілейміз!
#күнтізбе #16қыркүйек #мұражай