«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 декабря, 2023


💪Бүгін — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және егемендігі туралы” заң қабылдады. Сонымен қатар бүгін Желтоқсан оқиғасын еске алу күні де аталып өтеді. Себебі 1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары жергілікті халықтың құқықтары мен мүдделеріне қол сұққан КСРО басшылығының саясатына наразылық білдірді.  

 

Барша оқырманды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

🙌16 желтоқсан шыңдарды бағындыру күні аталып өтеді.  16 желтоқсан — шыңдарды бағындыру күні. Бұл — альпинистердің ғана емес, мансаптық өсуді көздеп, биік белестерге ұмтылатын жандардың да мерекесі екенін атап өткен жөн. Ал арманыңызды мақсатқа, мақсатыңызды шындыққа айналдыру қажырлы еңбекті талап етеді. Осы тұста Мұхтар Әуезовтің мына бір нақыл сөзін айта кеткен жөн: “Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі — ниет керек, одан соң — күш керек, одан соң — тәртіп керек”. Сол себепті бүгін көптен бері кейінге шегеріп жүрген ісіңізді бастап кетуге тамаша мүмкіндік. 

 

Әрбір оқырманымыз биік белестерді бағындыра берсін! Бастысы — үйде жатпаңыз!

🫢16 желтоқсан Дүниежүзінде үнсіздік пен тыныштық күні аталып өтеді. Қазіргі таңда адамдар ақпарат ағынына, қоңыраулар мен кездесулерге, адамдармен қарым-қатынас құру барысында түрлі пікір алмасуға тәуелді болып қалды. Сол себепті бұл күннің мақсаты — кем дегенде бір күн сыртқы әлемнен бас тартып, өзіңіздің ішкі қалауларыңыз бен сезімдеріңізге көңіл бөлуге шақырады. “Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын” деп қазақ бекер айтпаған.

👥16 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. 253 жыл бұрын аты аңызға айналған неміс композиторы Людвиг ван Бетховен (1770-1827) дүниеге келді. Әлемге танымал өнер иесі 150-ден астам музыкалық шығарма жазды. Оның музыка әлеміне деген құлшынысы мен ерекше махаббаты талантты композитордың есту қабілетінің айырылуына дейін алып келді. Алайда денсаулық жағдайына қарамастан ол өзінің туындыларын жазуды жалғастыра берді. Сондай-ақ бүгін қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған әнші әрі актриса Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды. Оның қайталанбас орындаушылық өнерін басқамен шатастыруға болмайды. Бибігүл Ахметқызының ерекше дауысы тереңдігі мен орындау шеберлігінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар опера мұрасының тарихына енген классикалық шығармалары да болды. Бибігүл Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, көптеген беделді марапатты иеленді. Тіпті халық оған «Қазақ бұлбұлы» деген ерекше атақ берді. 

 

Сізге Бибігүл Төлегенованың орындауындағы қай ән ерекше ұнайды?