🤩Бүгін еліміздің басты мемлекеттік мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес “Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы” заң қабылдады. Сонымен қатар бүгін Желтоқсан оқиғасын еске алу күні де аталып өтеді. Себебі 1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары жергілікті халықтың құқықтары мен мүдделеріне қол сұққан Кеңес Одағы басшылығының саясатына наразылық білдірді.
Барша оқырманды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
💡16 желтоқсан — Шыңдарды бағындыру күні. Бұл мереке альпинистерге ғана емес, мансаптық өсу мен биік белестерді бағындыруды көздейтін барлық жанға арналған. Ескерте кету керек, армандар мен жоспарлар өздігінен орындалмайды. Оны шындыққа айналдыру қажырлы еңбекті талап етеді. Көптеген адамның бағындыра алмаған биігі бар. Сондықтан бүгін көптен бері кейінге шегеріп жүрген ісіңізді бастап кету үшін таптырмас күн.
Әрбір оқырманымыздың биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз! Бастысы — үйде жатпаңыз!
🤗16 желтоқсанда Дүниежүзінде үнсіздік пен тыныштық күні аталып өтеді. Қазіргі таңда адамдар ақпарат ағынына, қоңыраулар мен кездесулерге, адамдармен қарым-қатынас құру барысында түрлі пікір алмасуға тәуелді болып қалды. Сол себепті бұл күннің мақсаты — кем дегенде бір күн сыртқы әлемнен бас тартып, өзіңіздің ішкі қалауларыңыз бен сезімдеріңізге көңіл бөлуге шақырады. “Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын” деп қазақ бекер айтпаған.
👥16 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. 254 жыл бұрын аты аңызға айналған неміс композиторы Людвиг ван Бетховен (1770-1827) дүниеге келді. Әлемге танымал өнер иесі 150-ден астам музыкалық шығарма жазды. Оның таланты мен қайсарлығы соншалық, есту қабілетінен айырылса да, өзінің айтулы туындыларын жазуын жалғастыра берді. Сондай-ақ бүгін қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған әнші әрі актриса Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі қайталанбас ерекше дауысқа ие. Бибігүл Ахметқызының ерекше үні тереңдігімен және орындау шеберлігінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар опера мұрасының тарихына енген классикалық шығармалары да болды. Ол концерттік-орындаушылық шеберлігінің арқасында өнердің биік шыңына көтеріліп, көптеген беделді марапатты иеленді. Тіпті халық оған «Қазақ бұлбұлы» деген ерекше атақ берді.
Сізге Бибігүл Төлегенованың орындауындағы қай ән ерекше ұнайды?
#күнтізбе #16желтоқсан