🌸17 ақпан — Халықаралық мейірім күні. Бұл мереке адамның азаматтығына, ұлтына және діни сеніміне қарамастан жаһандық маңызы зор. Осы күннің ұйымдастырушылары адамдарды барынша риясыз, шексіз жақсылық жасауға үндейді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, өзгеге көмектесу – адамның бойында ең жоғары қуаныш сезімін тудыратын “химиялық заттың” бөлінуіне ықпал етеді.
Сіз игі істерді қаншалықты жиі жасайсыз?
🐈Бүгін көпшілік еуропалық мысық күнін атап өтеді. Аңыз бойынша, тектілігі мен еркіндігін жоғары бағалаған мысық ұзақ уақыт бойы адамға үй жануары болуға көнбеген. Дегенмен ол ақырында адамға серік болып, қолға үйретілген соңғы жануарлардың біріне айналды. Бұл мереке алғаш рет 1992 жылы тойланып, 30 жыл ішінде басқа құрлықтарда да кеңінен тарала бастады. Мысықтарға арнап Жапонияда ғибадатхана салынса, Бельгияда шерулер өтеді. Сонымен қатар, Берлинде, Чехияда, Базель мен Минскіде мысық мұражайлары, ал Мәскеу мен Львовта арнайы кафелер ашылған.
Сізге үй жануарынан қайсысы ұнайды: мысық әлде ит пе?
🤩Бүгін — Қырыққабат күні. Бұл көкөніс алғаш рет Ежелгі Мысырда өсіріле бастады. Сол заманда қырыққабат ауқатты адамдарға арналған таңдаулы тағам саналып, тіпті десерт ретінде ұсынылған. Қазіргі таңда ол асүйдегі ең маңызды көкөністердің біріне айналды. Одан төмен калориялы дәруменге бай салаттар әзірлеп, бұқтырып, қайнатып, ашытып, тіпті тұнба мен қайнатпа жасайды. Қырыққабаттың құрамында адам ағзасына қажетті барлық дерлік дәрумен, сондай-ақ асқазан жарасына пайдалы сирек кездесетін U дәрумені, фитонцидтер, ферменттер мен минералды заттар бар.
Сізге қырыққабаттан жасалған қандай тағамдар ұнайды?
👥17 ақпан — қос тұлғаның туған күні. Бүгін америкалық киноактриса, әнші, композитор, модель және дизайнер Пэрис Хилтон 44 жасқа толды. Көптеген БАҚ оны сән-салтанат әлемінің жарық жұлдызы әрі жоғары қоғам өкілі деп санайды. Ол «Блондинка в шоколаде», «Элитное общество», «Красавица и уродина» фильмдері арқылы танымал. Перис – Hilton қонақүйлер желісінің негізін қалаған Конрад Хилтонның шөбересі. Сонымен қатар бүгін қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев бүгін 36 жасқа толды. Ол «SuperStar KZ» бағдарламасының 3-ші маусымының жеңімпазы және «Жыл таңдауы» Ұлттық телевизиялық музыкалық бірінші сыйлығының үш дүркін иегері. 2015 жылы «Алыста жүрсең де» әніне түсірген дебюттік бейнебаянының тұсауын кесті. 2020 жылы Керменбаев Qara Bala Sound музыкалық лейблын ашты.